Өркениет

Төреғали Төреәлінің жары тұрмысқа шыққан кездегі қиындықтар жайлы айтты

  • Төреғали Төреәлінің жары тұрмысқа шыққан кездегі қиындықтар жайлы айтты

    Төреғали Төреәлінің жары тұрмысқа шыққан кездегі қиындықтар жайлы айтты

Толқын Тұрарбекқызы енесімен қарым-қатынасы, тұрмысқа шыққан кездегі қиындықтар мен салт-дәстүрлер жайлы айтты. Төреғалидің жары оның анасымен қалай тіл табысқанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрмысқа шыққанда барлық келіндерге қойылатын талап Толқынды да айналып өтпеген. Орамал тағу, сәлем салу - Толқыннан сұралған бірінші талап.

Төреғалидің жары бірден "мінсіз келін" болып кетпегенін жеткізді. Ол түсіністікпен қараған енесіне ризашылығын білдірді.

 
"Тұрмысқа шыққан соң, 6 жылға дейін қамырды дұрыс жая алмадым, палауды да дұрыс баса алмадым. Алайда осылар үшін енем маған сөгетін әңгіме айтқан емес.

Керісінше бар білгенін үйретіп, қолдады. Сағымды еш сындырған жоқ", - деп түсіндірді ол.


"Барып тұрамын": Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты
Иманбек: Мен "Грэммидің" не екенін білмедім

Ол салт-дәстүрді білмей, ағаттық жіберген күнін еске алды.

"Қонақ күтіп жүргенде ет турап жатқан атамның бір ағасы шақырып: "Келін, келе ғой, ет асатайын", - деді. Еш ойланбастан, ет асап, тірлігіме қайта оралдым. Сонда сәлем салмай кеткен екенмін. Оны кейін жеңгемнің де солай асап, сәлем бергенінен байқадым. Атам күлді де қойды", - деді ол.

Толқын барлық жас келіндер сияқты шалыс басып, ұрыс естіген кездері болғанын жасырмайды. 

"Бірақ, соған қазір қуанамын. Маған біраз тәжірибе болды. Соған шыдамдылық танытқан енемнің даналығы деп білемін", - деді ол.

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген Толқын ене мен келіннің татулығы жайлы ой қозғады.

"Ене мен келін тату болса, келін өзін құрбан етіп емес, жаңа үйде шын өз орнын тапса, күйеудің де көңілі тоқ болары сөзсіз", - деді Төреғалидің жары.

Өз кезегінде Төреғалидің анасы екі қызы болғанына қарамастан, Толқынды өз перзентіндей көргенін ашып айтты.

Айта кетейік, Толқын Тұрарбекқызы – Төреғали Төреәлінің Құдай қосқан жары. Екеуінің үш қыз, екі ұлы өсіп келеді.




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 14:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31