Өркениет

Төреғалидің әйелі шынын айтты: Оның жасыратын ештеңесі жоқ

  • Төреғалидің әйелі шынын айтты: Оның жасыратын ештеңесі жоқ

    Төреғалидің әйелі шынын айтты: Оның жасыратын ештеңесі жоқ

Себебі, Ұлы дала баласының бұл жаңалығына ел бірден сене қоймады. Тіпті, Төреғалиге тоқалы ұл туып берген деген қауесет таратқанда да болды, деп жазады Stan.kz «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.


Ал Төрештің жары жүктілігін жасырмағанын айтады.


«Жасыруға тырыстық деп айта алмаймын. Негізі бойыма бала біткенде ішім қатты көріне бермейді, сондықтан да болар. Жалпы ешкімнен жасырған жоқпыз»,- дейді Толқын.


Бақытты ана ұл күтіп жүргені туралы білгенде қандай сезімде болғанын да айтып берді.


«Бірінші болып хабарды анама (Төреғалидің анасы) айттым. Анам сондай қуанып, сол кезде сапарда жүрген жұбайыма қоңырау шалып, қуанышты хабарды жеткізді. Енді босанам дегенше, үш қыз болғаннан кейін аман-есен босанғанша күтіп жүрдік.


Тағы оқыңыз: Ақбота Керімбекова үш бірдей күйеуінен неге ажырасып кеткенін ашып айтты

Кесір тілігі арқылы босануға кетіп бара жатқанымды анама (ене) айтқанда, ол кісі жылап, аман-есен дүниеге келсін деп тілеп, сондай бір сезімге бөленді. Кейін босандым дегенімді айтқанда, қызым естіп алдым ғой, бақытты болсын, деп қуанышын жеткізді. Үш қызда да сондай қуаныш болды, бала өмірге келгеннен кейін барлығында сондай қуаныш болады. Бірақ, ұл деген шынымен де, ізін жалғастыратын ұрпақ болғаннан кейін басқаша қуаныш болды. Оның жасыратын ештеңесі жоқ»,- дейді Толқын.


Ал ұлды болып, кеудесі ерекше сезімге толған Төреш қуанышын жеткізіп, тілекші болған халқына алғысын жеткізді.


«Үшінші қызым, Фатима дүниеге келгенде елдің барлығы ақ тілектерін жаудырып, енді дүниеге ат ұстайтын азамат келсін! Ұлды болыңыз, ұлды болыңыз! деген тілекті жаңбырша жаудырып еді. Сол көптің тілегі қабыл деген, шынымен де халықтың тілегі қабыл болды. Сол кезде әнсапарда жүр едік. Қуанбаған қазақ жоқ шығар, концертке келгендердің барлығы бауы берік болсын деп, тілекші болып жатты. Сондай тілекші болған елден айналайын. Көп рахмет! Сіздердің де үйлеріңізде, әулеттеріңізде той болсын. Сол тойға келіп Төреәлі ән салсын!»,- дейді қуанышы қойнына сыймаған әке. 




Көрілген: 3157    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 17:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31