Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Төреғалидың неліктен күндіз-түні қара көзілдірікпен жүруінің сыры айтылды

20 желтоқсан 2022, 14:40

Әлеуметтік желідегі әр қадамы бірден халықтың талқысына түсетін Төреғали тағы да ерсі қылығымен елдің назарына ілікті. Бұл жолы атышулы әншінің караокедегі әрекеті жұрттың ашуына тиген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ғаламторда тараған бейнежазбаға зер салсақ, Төреғали қос қарындасы мен екі күйеу баласын Алматыдағы караокелердің біріне қонаққа шақырып, өзі осы кешке кешігіп келгенін аңғаруға болады.

 

Бұл видеода атышулы әнші қап-қара көзілдірікпен залға айғайлап кіреді. Өнер иесінің бұл ісін көпшілік өрескел қылыққа балапты. Сондай-ақ оның алкогольді ішімдікті ұрттағанын болжап, ғимарат ішінде қара көзілдірікті шешпей жүруінің себебін де төмендегі пікірлер арқылы топшылаған.

 

 

"Ішіп алыпты ғой", "Кайфуша", "Анаша шегіп алған кісі көздерінен біліп қоймасын деп көзілдірік киеді", "Осы мақтаншақтардан тойдық қой тойғанда", — деп жазды желі қолданушылары.