Өркениет

Төстартқышпен түскен суретін жариялаған Назима желіні шулатты (фото)

  • https://24smi.org/

    https://24smi.org/

Ресейлік Black Star құрамында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық әнші Назима Жәнібекова желіде қызу талқыға түсті. Шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында төстартқышпен түскен суретін жариялаймын деп басы дауға қалды. Кейбір желі қолданушылары аталмыш фотоға тәнті болғанын жеткізсе, енді бірі керісінше оны аяусыз сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назима Жәнібекова ашық суретін жүктемес бұрын оның мұндай талқы тудыратынын күткен сыңайлы. Әнші фотоның астына "хейтерлер, сендердің кезектерің келді" деп жазып қойған.

Желіде шуға ұласқан суретте ол қара шалбар мен костюммен тұрғанымен, үстіне тек төстартқыш киген.

Бұл жайт желі қолданушылары арасында үлкен пікірталасқа түрткі болды. Олардың пікірі екіге бөлінген. Бірі Назиманы қолдаса, енді бірі даттап әлек.

"Ең әдемі қыз" , "Тамаша, қандай сұлусың" , "Қайдағы хейтерлер, бәрі тек қана тәнті сияқты" , "Бұл суреттен кейін, хейтерлдерің де жоқ болады" , "Мінсіз мүсінді ару" , "Қазақ қызына өте ұятты" , "Сізден мұндайды күтпедім" , "Ми берсін" , "Ұят қой, қазаққа тән емес дүние" , "Наразылық білдірушілерге мән бермеңіз, ұятты түк те жоқ" , "Не дегенмен ерсі сияқты" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Назиманың шаш үлгісін өзгертіп тастағанын жазған болатынбыз. Өнер иесін өз жанкүйерлері де танымай қалған еді.

 




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 16:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30