Өркениет

Той жоқ, концерт жоқ. Болманов бастаған өнер адамдары аш қалды

  • Той жоқ, концерт жоқ. Болманов бастаған өнер адамдары аш қалды

    Той жоқ, концерт жоқ. Болманов бастаған өнер адамдары аш қалды

Бүкіләлемдік дағдарыс өнер әлеміне де едәуір нұқсан келтірді. Қазақстандық эстрада осыған дейінгі деңгейіне қайта келуі үшін кемі 2 жылдай уақыт керек екен. Карантин талаптары той жасатпай, концерт өткіздірмеді. Осы кезең біраз шығармашылық адамдарын басқа мамандыққа ойыстыруы мүмкін деген де болжам бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Үнемі шығармашылық пен ұстаздықтың арасында жүретін Мирас пен Құралай Бекжановтарды әңгімеге тарттық. Өнер иелері көппен көрген ұлы той деп біраз шаруаны тоқтатып, тәртіпке бағынып отырмыз дейді.

– Той, концерт репетиция, гастроль бар. Университетте сабақ беремін. Алматы облысы Мәдениет басқармасына қарасты Алатау әуендерінің жеке әншілері болып жұмыс істейміз. Басқа да тіршіліктеріміз бар. Таң атқаннан кеш басқанға дейін шапқылап жүретін адамдарды осылай үйде отырғызып қойған оңай түсіп жатқан жоқ, – деді әнші Мирас Бекжанов.
Шығармашылық өкілдері үшін дағдарыстың созылып келе жатқанына 8 айға жуықтаған. Одан бері екі мәрте карантин жарияланды. Қоғамық және отбасылық шараларға тыйым салынды. Осы кезең біраз өзгерістерге себеп болған екен.

– Халық айтады ғой: әншілер былай тауып көріңдер ақшаны, тойда ән салып емес деп. Қазір солай жасап жатырмыз. Ұялатын ештеңе жоқ. Қолдан келетін нәрсені жасап тырысып жатырмыз. Пандемия бізді қайшылаған сияқты. Біз қазір каверлер түсіріп жатырмыз, – деді әнші Алтынбек Тәшімбетов.
Дағдарыс қауіптің ғана емес, мүмкіндіктердің де кезеңі. Продюсер Қыдырәлі Болманов тірі адам тіршілігін жасауы керек дейді.

– Қандай соғысқа, рингке шықсаң да боксқа, бизнеске кірсең де әрқашан риск бар. Бірақ сен іштей жиналып қалай да жеңемін деген ұстаным болуы керек. Өзің оған әбден сеніп алуың керек. Аллаға сенгендей ішкі сенім болу керек. Сен әлжуаз емессің, әлсіз емессің, ауырмайсың. Онда күнде миыңа тығып отыруың керек, – деген ақыл айтты әнші Қыдырәлі Болманов.
Карантин кезеңінде эстрада әншілері қоғамдық өмірден тысқары қалған жоқ. Қиын жағдайға тап болғандарға көрсетіп те жасырып да қол ұшын созып жатыр. Мәдениеттанушы Гүлнәр Маханбетжанова елдің алдында жүргесін шын таланттар ісіне берік болса жарасатынын айтады.

– Пандемия кезінде өнер тоқтап қалмауы керек. Өнер жалғасын табуы керек. Кезінде ҰОС кезінде Бибігүл Төлегенова, Роза Бағлановалар жүріп, елді аралап концерт берген ғой, – дейді мәдениеттанушы Гүлнәр Маханбетжанова.
Бюджеттен үнем жасалуы керек болса бірінші кезекте ойын-той, шоу-концерттің қаражаты қысқарады. Сондықтан, шығармашыл жандар жаңа кезеңге бейімделуге мәжбүр.

 

 

matritca.kz




Көрілген: 2269    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.08.2020, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30