Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тойда билеп жүріп шпагатқа отырған қыз елді шошытты

09 маусым 2022, 17:34

Бейнежазба Instagram-дағы Zello_aktobe04 парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде той үстінде қыз-жігіттердің жарыса билеген видеосы тарады.

 

Видеода қыз-жігіттер әуенге жарысып билеп жатыр. Үстіне етегі жартылай ашық көк көйлек, аяғына биік өкшелі туфли киген қыз ортаға шығып бидің түбін түсірді.

 

Жігіттермен қалыспай жерге жатып та тұрып та билеп жүр. Бір кезде қызып кетсе керек шпагатка отыра кетті. Бұны көрген жігіттер таң қалып, тіпті бірі бетін басты.

 

 

Той ортасындағы қыздың бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады.

Бірі "Амилай емес пе?", "Транс па не мынау" деп қыздың ерсі қылығын сынаса, енді бірі "Шаты айырылып кетпесін" деп әзілдеген.