Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тойда жұлқынып билеген жігіттің шалбары жыртылып, ұятты жері көрініп қалды

21 желтоқсан 2022, 19:01

Тойда бидің түбін түсірген жігіт желіде қызу талқыланып жатыр. Ырғақты әуенге ілескен оның жұлқынған биінен шалбарының арты жыртылып, әуретті жері көрініп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бұл сәтті тойға келген қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әп-сәтте әлеуметтік желілерде тарап кетті.

 

Бірнеше жігіт бір бойжеткенмен бидің түбін түсіреді. Олардың бірі жерге жатып, қимылын жалғастырғаны сол шалбарының арты қақ айырылады. Тіпті әуретті жері көрініп қалады.

 

 

Видеоны көргендер жас жігіттің бұл биін сынның астына алды. Енді бірі мұндай сәтті видеоға түсіріп, оны ғаламторда таратып жібергендердің әрекеті адамгершілікке жатпайтынын алға тартты.

 

"Жыртылып билегенсің деп айтып жүретін екен", "Маймыл сияқты не істеп жүр?", "Мынау енді не би? Еркектер не боп барады?", "Мына көргенсіздерді қуатын адам болмады ма?", "Іш киім жыртылғанша деген осы шығар", "Хайуан болу бір пәсте", "Стринги киіп алған ба?", "Осы маймыл сияқты биді қашан қоямыз?", "Неге біреудің айыбын ашып, абыройын шашып, дүйім жұртқа жариялауға құмармыз?", "Тізесі шыққанша намаз оқымай, арты жыртылғанша билейтін заман болды ғой", "Намыс қайда?" деп жазды желі қолданушылары.

 

Бұл тойдың қайда және қашан болғаны белгісіз.