Өркениет

Тойда өзін "ұстай алмай" билеп кеткен Алтынай Жорабаева елден сөз естіді (видео)

  • Тойда өзін

    Тойда өзін "ұстай алмай" билеп кеткен Алтынай Жорабаева елден сөз естіді (видео)

Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Алтынай Жорабаева желіде қызу талқыға қалды. Тойда бидің түбін түсірген өнер иесі көпшілікке жақпай қалса керек. Алайда, әншінің биіне тәнті болғандар да жоқ емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Алтынай Жорабаева тойшыл қауымның ортасында билеген видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Эстрада жұлдызы бишілер билеп жатса да, өзін ұстай алмай олармен қосыла билегенін айтты.

"Негізі ортада бишілер билеп жатыр. Мен, сол өзімді ұстай алмай" , - деген жазба қалдырды әнші видео астына.

Шоу-бизнес өкілінің бұл әрекеті желідегілер арасында қызу пікірталас тудырды.

Бірі өнер иесінің биіне тамсанса, енді бірі керісінше оны аяусыз сынаған. Олар көпбалалы ананың қылығын аса ерсі санап, оған ақыл-кеңесін де беріп өткен.

"Керемет, не деген пластика" , "Биі өзіне жарасымды, ешбір ерсілікті көріп тұрғаным жоқ" , "Арықтау керек сізге, үлкен көрінесіз" , "Не деген керемет би, жарасып-ақ тұр" , "Алтынай сізге көңілді жүрген жарасады" , "Қылығыңыз ұнамсыз" , "Ерсі екен мынадай әрекет" , "Салмақты болған көбірек жарасады, не дегенмен қыздарыңыз өсіп келеді ғой , - деп жазған көпшілік.

Айта кету керек, бұған дейін Алтынай Жорабаева "қара жұмаға" қатысты азуыл жазба жариялаған болатын.

 

 

 




Көрілген: 10018    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.01.2020, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31