Өркениет

ТОЙЛАРҒА ШАҚЫРУ АЛЫП ЖҮРМІН - Е.ЕЛЕУКЕН

  • ТОЙЛАРҒА ШАҚЫРУ АЛЫП ЖҮРМІН - Е.ЕЛЕУКЕН

    ТОЙЛАРҒА ШАҚЫРУ АЛЫП ЖҮРМІН - Е.ЕЛЕУКЕН

Асқар Маминнің төрағалығымен Мемлекеттік комиссияның отырысы өткен жиында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қаралды. Осыған байланыты нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынып, азаматтардың жүріп-тұруына шектеулер қойылды. Осы орайда "Тамаша" телеарнасының директоры Есен Елеукеннің пікірін білген едік. Ол қазіргі жағдайға қарамастан, халықтың той тойлауды тоқтатпағанын, өзінің әлі күнге шақыру алып тұратынын жеткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Ол қазақстандықтарды үкімет карантин енгізбесе де, санитарлық талаптарды сақтау шақырды.

"Дәл қазіргі сәтте оқшаулану қажет. Үкімет бүгін 5 шілдеден бастап карантин болатынын айтты. Үкімет айтпаса да, халық сақтық шараларын ең әуелі өз денсаулықтары үшін сақтау қажет. Мынадай жағдай болып жатса да, тойға шақырулар алып жүрмін. Дәл қазір той тойлайтын кезең емес, өкінішке орай. Қуаныштың болғаны жақсы ғой, бірақ оны тойлауды ысыра тұрған жөн", - деді мекеме директоры.

Сонымен қатар ол осындай қиын кезеңде басын қатерге тігіп жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

"Өзімнің денсаулығым қалыпты. Бұрыннан көп жаяу жүрем, барынша дұрыс тамақтанамын, иммунитет көтеруге талпынамыз. Қазақстандықтардың денсаулығы үшін күні-түні өз денсаулығын қатерге тігіп жүрген барша дәрігерлерге алғыс білдіремін", - деді Есен Елеукен.
Айнара Байжан 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

жұма, 03.07.2020, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31