"Цивилизация көрген қыз канализацияға қарамайды" - Имам кеңесі

01 мамыр 2022, 22:15

Бұл туралы имам әлеуметтік желідегі тікелей эфирде айтып берді. Ал оның видеосын тележүргізуші Диана Қырықбай TikTok-тағы парақшасына салды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жұлдызға айналған Нұрлан есімді имам үйленбей жүрген жігіттерге кеңес берді.

 

"Көп ақша табыңдар" деп жігіттерге кеңес айтып жүрген танымал тележүргізуші бұл жолы имамның видеосын салып, жастарға мұқият тыңдау керектігін ескертті. Диана имамның сөзімен толықтай келісетінін айтқан.

 

Ал TikTok желісінде жұлдызға айналған Нұрлан есімді имам жастарға тең-теңімен деген қағиданы ұстану керектігін ескертеді. Ол сәнді киініп алып, қыдырғанды жақсы көретін әйелдің ошақ қасында байланып отыра алмайтынын айтқан.

 

"Мұхиттың балығы аквариумда ешқашан өмір сүре алмайды ғой. Ал біздің еркектер мұхиттың "балығын" алғысы келеді. Аяғы ұзын, CHANEL сеуіп, Gucci –дің киімін киген әйелді алғысы келеді. Ал Gucci киген адам қытайдың "няу-няуын" кие алмайды. Ол ыдыс-аяқты машинаға салып жуып үйренген. Оны үйге әкеліп "шешемді қарайсың" деген ақымақтық", — дейді имам.

 

 

Сондықтан үйленетін жігіттер алдымен қызға дұрыстап қарауы керек.

 

Жігіттер әдемі, цивилизация көрген қызды алғысы келеді. Ал цивилизация көрген қыз ешқашан канализацияға қарамайды. "Тең-теңімен" деген сөз осыдан шығады, — дейді имам.

 

Осыларды ескермей, әйелді жылатқанан кейін ғана жігіттердің ақылы кіретінін айтады. "Адамның жолын Құдай ашады" деген имам әйел адамды жылатуға болмайтынын ескерткен.