Тұңғышбай Жаманқұлов ауруханаға түсті

24 қаңтар 2022, 12:07

Тұңғышбай Жаманқұловтың ауруханаға түскені туралы оның шәкірті Асқар Наймантаев хабарлады деп жазады orda.kz тілшісі.

 

Белгілі болғандай, оның денсаулығы қазір бірқалыпты.

 

«Совминкада ұстазым Тұңғышбай Жаманқұлов жатыр екен. Бүгін тауып алдым. Баяғы Желтоқсанда елмен бірге Әзербайжан Мәмбетов екеуі алаңға шығып, жастармен бірге таяқ жеген ғой. Мына дүрбелең басталған күні көшедегі жастарды уайымдап, жанталасып, қан қысымы көтеріліп, тұра алмай қалыпты. Әкімшілік «Аға, алаңға, елдің алдына шығып, сөйлесіп көріңізші» – деп өтінген екен, «әлсіреп, тұра алмай қалдым, әттең, баруым керек еді!» – дей береді. Ол күндері жедел жәрдем де келмей қалды ғой. Әйтеуір көрші дәрігер табылып, барымен емдеп, ілде-алда қылыпты. Интернет қосылғанда неше түрлі ақпарат көріп, мына жазықсыздарға араша бола алмадым деп ол қан қысымын қайта-қайта көтеріп жатыр.

Ағамыз жан-тәнімен халықпен бірге! Жазықсыз жастардың тілеуін тілеп отыр» деп жазды Асқар Наймантаев.