Түркіста аруы анықталды

06 қазан 2021, 17:29

18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова «Түркістан аруы – 2021» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды. Көпбалалы отбасыдан шыққан бойжеткен қаладағы қонақүйлердің бірінде жұмыс істейді әрі студент, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Биыл аймақтағы сұлулық байқауы алғаш рет онлайн форматта өтті. Қазылар алқасы қатысушылардың суреттері мен видеовизиткаларымен танысып, ZOOM арқылы олармен тілдескен.

 

 

Құрамында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы — 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева бар қазылар мүшесі 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапованы Түркістанның ең әдемі аруы атағына лайық деп тапты. Бұл қуанышты хабарды бойжеткенге Айдай Исаева бейнеқоңырау арқылы жеткізді.

 

 

Байқау қорытындысын күтіп жүргенмін. Бүгін ғана құрбым "мен сезіп тұрмын, сен жеңімпаз атанасың" деп айтқан еді. Қуанып тұрмын, — деді Сұлтанбибі Шахапова.

 

Бойжеткен Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқиды. Болашақ мамандығы — дизайнер-интерьер.