Өркениет

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылады

  • Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылады

    Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылады

 Түркістан қаласында жаңадан пайдалануға берілген музыка мектебінің алдына вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев "Ақжайық" музыкалық мектебіне барған сапарында, сондай-ақ өнер ордасының материалдық-техникалық базасын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Заманауи үлгіде салынған нысанда 120 бала өнердің 18 түрінен дәріс ала алады. Атап айтқанда, мұнда оқушыларды домбыра, фортепиано, скрипка, баян, саксафон, қобыз, гитара, ұрмалы аспаптар, вокал, жетіген, ксилофон, литавра сияқты музыкалық аспаптарда ойнауға баулиды. Қазіргі таңда, аталған сыныптарға дарынды балаларды іріктеу арқылы қабылдау жұмыстары басталып кетті. Мектепте жас өнерпаздарға консерватория түлектері ұстаздық етеді. Яғни, кәсіби музыкалық білімі мен шеберлігі жоғары мамандар мұғалім ретінде қабылдануда. Келешекте үлгерімі жақсы шәкірттерден жоғары деңгейлі оркестр құрылатын болады.

Қос қабаттан тұратын сәулетті ғимарат музыкалық аспапта сабақтар өтуге барынша лайықталған. Мәселен, мектептегі барлық оқу сыныптары аккустикалық заңдылықтарға сай жабдықталып, әрбір сыныптарға дербес компьютерлер мен интерактивтік тақталар орнатылған. Одан бөлек, өнер ордасында арнайы оркестр, хор кластары мен конференц залдары және 550 орындық үлкен концерт залы қарастырылған.

 

Egemen.kz.




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 20:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30