Өркениет

"Тұрсынбек 4 жыл сахнаға шығармады": Танымал вайнер өз шындығын айтты

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Танымал вайнер Жахан Отарғалиев өзінің Тұрсынбек Қабатовқа қызмет еткен жылдарын еске алды. Өнер иесі 2012 жылдан 2015 жылға дейін жалғыз өзі актер болып шыға алмағанын жеткізді деп жазады Зарина Мүсілімнің "Сөккен әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Актер КВН мен гастрольден, концерттен демалмақ болып, ауылға кеткен.


Алайда Отарғалиевтің өнердегі үзілісі ұзаққа созылып, анасының айтуымен сахнаға қайта оралған.


"Бір күні шай ішіп отырсақ, мама "Жахан балам! Шынымды айтсам, сахнадағы баламды сағындым" дейді. Сол сөзімен бір айдай ойланып жүрдім. Оралға келдім. Сосын ең бірінші болып "Назар аудардың" балаларына хабарластым.

Өйткені, кезінде Ақболат, Ғазиз, Саматты мен сахнаға алып шықтым. Олар "Бізде финал болайын деп жатыр. бізге келсей" деді. Дайындыққа барсам, олардыкі бөлек.


Оралда жүргенде бір бала келді де "Неге Тұрсынбекке хабарласпайсың? Жерлесің ғой" деді.

Тұрсынбек шошып кетті шыны керек. Мен "Өтініш. Мен сахнаға шыққым келеді. Тәке, театрыңның бір жеріне жұмысқа алсайшы" дедім. Ол "Жахан, онда мен Оралға келем. Сөйлесейік" деді.


Сөйтіп Тұрсынбек тойда жүр екен. Ол маған қарады да "Билет ал. Астанаға кел" деді. Сосын Астанаға кеттім. Тұрсынбекпен кездесіп, көзбе-көз сөйлестік.


"Жахан, мен де көп нәрсе естідім. Соның бәрі өтірік пе?" деді. Мен бәрінің өтірік екенін айттым.

Сахнаның артында 4 жыл жүрем. 2012 мен 2015-тің арасында. Монологтарына көмектестім. Өйткені екеуміздің өміріміз ұқсас. Ауылымыз ұқсас. Әке-шешеміз жасты. Ол кісіге кішкентай идея берсең, бірден алып кетеді. Мен сахнаның артында төрт жыл жүрдім. Жалғыз өзімді актер қылып шығарған жоқ. Неге шығармағаны әлі күнге дейін жұмбақ.


Бәлкім, менен де қателік кеткен шығар деп ойлаймын. Ол кісі менің өзімнен, көзімнен сенімділік көрмеген шығар. Ол бірақ маған концерт сайын "Келесі концерт сен шығасың" дейтін.

Дайындап әкелемін жарамайды. Соңында мен бір монолог шығарамын ғой. Ол келді де "Міне осы ғой керегі. Осымен шығасың сен" деді. Маған төрт жыл бойы ренжімей жүруіме себепкер болған - Қайрат Әділгерей.


Өйткені концерт сайынғы сол әңгімені біледі. Мұңымды соған келіп айтамын. Ол "Жахан кішкене шыда" дейді. Алатын айлығым 22 мың ба, сондай", - деп ағынан жарылды Жахан Отарғалиев.



 




Көрілген: 2139    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31