Өркениет

Тұрсынбек Қабатов жол апатынан көз жұмған жігіттің отбасына 4 млн теңге төлегісі келмейді

  • Тұрсынбек Қабатов жол апатынан көз жұмған жігіттің отбасына 4 млн теңге төлегісі келмейді

    Тұрсынбек Қабатов жол апатынан көз жұмған жігіттің отбасына 4 млн теңге төлегісі келмейді

Сот жесір әйелдің пайдасына сотталушыдан және белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтан жалпы сомасы 8 миллион теңге өндіріп алу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұр-Сұлтан сот алқасының төрағасы Әділхан Шайхисламов судьялар – Мұрат Солтыбаевпен және Алма Есімовамен бірге Тұрсынбек Қабатовтан түскен аппеляцияны талқылады.

«Адвокаттар сотталған адамның кінәсі дәлелденбегені үшін ҚК-нің 345-бабы бойынша ақтау туралы және ҚК-нің 346-бабы бойынша жазаны жеңілдету туралы өтінішін қолдайды. Себебі түнгі уақытта көшенің ортасында мас күйде жүрген жәбірленушінің әрекеттеріне баға берілмеген. Алайда, бұл сотталушының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын ақтап алуға негіз бола алмайды», - деді Әділхан Шайхисламов.
Осылайша Тұрсынбек Қабатовтың талап-арызы қанағаттандырылған жоқ.

«Азаматтық сот ісі дұрыс шешілді. Моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік сотталған адамға және көлік иесіне ортақ тәртіппен негізделген түрде жүктеледі. Кабатов өз еркімен көмекшіге көлікті тапсырды, яғни оған көлік құралын сеніп тапсырды. Соттың үкімін өзгертуге негіз жоқ», - деп жариялады алқасы.

Сот үкімі бойынша Тұрсынбек Қабатов соманың тең жартысын, яғни 4 миллион теңгені төлеуі тиіс. Ал Тұрсынбектің көлігімен адам қағып кеткен оның көмекшісі адам өліміне әкеп соққан ЖКО-ны мойындамайды. Оның айтуынша жәбірленуші мас күйде, жолдан өтуге болмайтын тұста жүгіріп шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 13 қазанында кешкі сағат 9 шамасында Теміртау – Нұра – Нұр-Сұлтан тасжолында елорда бағытында Нұра ауданының Ахмет кентінде 34 жастағы Ерлан Омарқұловты көлік қағып кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды. Көлікті Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі жүргізген.

Azattyq Rýhy.




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.11.2021, 13:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31