Өркениет

Тұрсынбек Қабатов коронавирус жайлы: Дәл осындай сынақ бергені үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтам

  • Тұрсынбек Қабатов коронавирус жайлы: Дәл осындай сынақ бергені үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтам

    Тұрсынбек Қабатов коронавирус жайлы: Дәл осындай сынақ бергені үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтам

Тұрсынбек Қабатов елде тараған індетке байланысты халықты сабырға шақырды. Бастысы отбасымыз қасымызда. Елде тыныштық, бейбіт заман екенін еске салды. Бұл жеңіл сынақ екенін айта келе, әр нәрседен сабақ алуға кеңес берді.
Бұл туралы Ниет бағдарламасында айтылды деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрсынбек Қабатов 56 күн карантинде уақытын қалай өткізгенін айтты. Бірінші болып отбасымен маска тігуді қолға алған әзілкештің отбасы ел қатарлы үйде отырды. Тұрсынбек танымал актерлермен тікелей эфир арқылы сөйлесіп, көрерменіннің көңілін көтерді. Балаларына көп көңіл бөліп, отбасымен уақыт өткізгенін айтады.

"Бұл сынақ. Алланың жеңіл сынағы деп есептеймін. Аллаға шүкір етемін. Қазақ бұдан да ауыр сыннан өткен. Соғысты көрді, ашаршылықты көрді. Аталарымыз пленде жатты. 2 айлап қалай шыдады? Қалай жатты? Біз отбасымызбен, жақындарымызбен өз үйімізге әрең шыдап жүрміз? Аталарымыз бұдан да ауыр сынақтарды өткерді ғой. Сондықтан бәріне байыппен қарау керек. Бұдан сабақ алу керек. Әр нәрсенің жақсы жағы бар. Тазалақты, үнемдеуді үйрендік", деді әзілкеш.

"Ұлым 3 жасында әрең сөйлеп, "р" әрпіне тілі келмей жүретін. Сақау болып қалар ма екен деп қорықтық. Бір күні Райымбек деп ағасын атап жүр. Тілі түзеліп кетіпті. Сөйтсек онымен көп сөйлесу керек екен. Баламен көп сөйлессең, тілі де тез шығады екен. Карантин уақытында балалармен уақыт көп өткіздім. Көп сөйлестім. Ұлыммен әр нәрсені айтып сөйлете берген соң оның да тілі жаттығатын көрінеді. Біздің, ата-аналардың қателігі, балаларға көп көңіл бөле алмай жатамыз", - деді Тұрсынбек Қабатов.

Әзілкеш қазақ секілді елдің, ауызбіршілігі жойылмаған ұлттың ешбір жерде жоқ екенін айтады.

"Қазақ қашанда қалыбын жоғалтпаған. Мақтаралду су басты. Қанша қазақ көмекке ұмтылды. Біз жемітін, жесірін жылатпаған елміз. Ақшалай да, басқалай да көмектесті. Үкімет те көмектесіп жатыр. Әнші, актер, өнер өкілдері жұмыла ұмтылды. Ешір елде әншісі халқына барып, көмекке келіп, олардың жағдайын сұрап жатқан жоқ. Тез қазақ қана жанымыз ашып тұратын халықпыз. Осы қасиетімізден айырылып қалмасақ екен деймін. Бірлігіміз жараса берсе екен", - деді Қабатов.

Әзілкеш карантин уақытындағы әзілдері жиналып қалғанын айтады. Оны алдағы уақытта көрерменге жетізуге асық.  




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.06.2020, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31