Өркениет

Тұрсынбек Қабатов сүйіктісіне ерекше тосын сый жасады (видео)

  • http://old.aikyn.kz/

    http://old.aikyn.kz/

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов сүйікті жарына шаңырақ көтерген күніне орай естен кетпес тосын сый жасады. Бұл аса ерекше әрі атаулы күн Мөлдір Мұқанованың есінен шығып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанованың шаңырақ көтергендеріне биыл 17 жыл болған. КВН сахнасында кезіккен қос ғашық бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр.

 

Белгілі әзілкеш өміріндегі аса маңызды күндерді естен шығармайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. Ол келіншегі ұмытып кетсе де, екеуінің отасқан күнінде оған ерекше тосын сый жасаған.

 

КВН жұлдызы сүйіктісіне алып гүл шоғын тарту етіп, оны таңғалдырған. Қызығы, шаңырақ көтерген күн Мөлдір Мұқанованың есінен шығып кеткен. Оны ол өзінің Instagram парақшасында мойындады.

 

Оған қоса, әзілкештің әйелі жолдасының гүл шоғын табыстап жатқан видеосымен де бөлісіп үлгерген. Бейнежазбада Тұрсынбек Қабатовтың балаларының көзінше жарына қызыл түсті раушан гүлдерін сыйлап жатқанын көруге болады.

 

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жаудырды.

 

"Бақытты болыңыздар" , "Үлгілі жұптың бірісіздер, көбейе беріңіздер" , "Тек қана бақыт тілеймін. Махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Қандай керемет көрініс. Ер адамның мұндай күнді елеп құттықтап жатқаны тамаша" , - деп жазуда көпшілік.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CDwgrO_pM7x/




Көрілген: 2267    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2020, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30