Өркениет

Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі тағы бір заңсыздықпен ұсталды

  • © cadillac.com

    © cadillac.com

Танымал өнерпаз Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі тағы да тәртіп сақшыларының құрығына ілінді. Бұл туралы Kokshetau Asia жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Порталдың хабарлауынша, ол мас күйінде көлікке отырып, жылдамдықты асырғаны үшін қамауға алынды. Оның бұл жолы Тұсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқановаға тиесілі Cadillac Escalade автокөлігін тізгіндегені хабарланған.

 

Айта кетсек, 2020 жылдың қазанында Тұрсынбек Қабатов 2019 жылы өз машинасымен болған адам өліміне әкеп соққан апатқа қатысты түсініктеме берді.

 

Көлікті оның көмекшісі тізгіндегені белгілі болды, ол Теміртау-Нұра-Нұр-Сұлтан тас жолында 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған. Ол кезде ер адам жүргізуші куәлігінен айырылған.

 

Қарағанды облыстық полиция департаменті қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ол оқиғаға қатысты іс тоқтатылғанын айтты. Яғни, қымбат Лексус көлігін тізгіндеген Қабатовтың көмекшісі жазаланбайды.

 

Олардың сөзінше, қайтыс болған азамат жолдың бетіне өзі шығып кетіп, ереже бұзған көрінеді.




Көрілген: 1588    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31