"Тык-дык, тык-дык": Ерекше жазылған кітап елді күлкіге қарық қылды (видео)

11 сәуір 2018, 21:13

Саяхат туралы жазылған ерекше кітап желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің күлкісін келтірді деп хабарлайды өңірдегіNUR.KZ.

"Тык-дык, тык-дык": Ерекше жазылған кітап елді күлкіге қарық қылды

Расказать Вконтакте

Жазушыларымыз кітап жазу үшін терең ойға шомылып, әрбір көріністі әдеби тілде іспеттеп, оқырман жүрегінен орын табуға тырысып бақса, бұл жолы «Тык Дык» атты туындының авторы көп толғанбастан кітап жазып шығарды.

Оның ерекшелігі- алғашқы бетінде бір сөйлеммен басталып кейін қалған беттері тек екі ғана сөзді қамтыған.

Кітап қолына тиген оқырман оны видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген. Фантазиясы ерекше кітап авторының бұл әрекеті желідегілерді күлкіге қарық етті.

Айта кетерлігі, ерекше кітап 2011 жылы Санкт-Петербург қаласында басылған.