Өркениет

"Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев ренішін айтты

  • © Instagram

    © Instagram

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының басшылығына ренішін жеткізді. Әлеуметтік желідегі парақшасында әнші өнердегі аға буынның арасында Алматыдан аядай мекен таппай жүрген кісілердің бар екенін жазды. Айтуынша, осы мәселені көтергенімен, ешкім сөзіне құлақ аспаған.

 

"Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ", - деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

 

Сондай-ақ, әнші Алматыда аға буынды ардақтайтын басшының жоқ екенін айтты.

 

"Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?", - деді ол.

 

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қыркүйегінде Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

 

1

 

Әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде әнші Бақытжан Сағынтаевтың жанында жүріп игі істерге куә болғанын, мәдениет саласында оң өзгерістер болып жатқанын жазған еді.

 

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дейді қазақ. Бақытжан Әбдірұлы қала әкімі болғалы Алматының тамырына қан жүгіре бастады. Қасында жүріп біраз игі шаралардың куәсі болдым. Аз уақыттың ішінде мыңға жуық пәтердің кілті табысталып, мәдениет саласында да оң өзгерістер болып жатыр", - деп жазды Бесбаев.

 

Айта кетейік, Бесбаев 2020 жылдың қаңтарында Қазақстан орындаушылар одағының төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте өнерде жүрген әншілердің құқығын қорғап, тиісті шаруаларын шешеді.


 

sputniknews.kz




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31