Өркениет

"Тыржалаңаш фотоңды салам деді": Түсіпбаева өзін белгісіз біреулердің бопсалағанын айтты

  • Сурет ғаламтордан алынды

    Сурет ғаламтордан алынды

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде өзін белгісіз біреулер қорқытқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекімдер оған тыржалаңаш суретін ғаламторға жүктеп тастайтындарын айтып бопсаламақшы болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Меруерт Түсіпбаева бұл жағдайдың Instagram желісіндегі бір даулы мәселе туралы жазбасына қатысы бар деп ойлайды.

 

Себебі қауіпті хабарламалар әнші өз ойын ғаламторда жариялаған соң келе бастаған. Бейтаныс адамдар эстрада жұлдызына оның тыржалаңаш жатқан фотоларын таратып тастайтынын айтып қорқытпақ болған.

 

Алайда, өнер иесі өзінде ондай форматтағы суреттер жоқ екеніне кәміл сенімді болған соң, олардың сөздерін елемеген.

 

Меруерт Түсіпбаева басынан өткен бұл жағдай жайлы "Paparazzi" бағдарламасында ашып айтты.

 

"Мен сол кісі деп нақты айта алмаймын. Бірақ, сол уақытта балаларды қорлап, оларға қарбыздың қабығын жегізен еркек туралы жазып ежім. Ол кісі ме? Ол емес пе нақты білмедім. Бірақ, маған кәдімгідей WhatsApp желісінен қорқынышты хаттар келді. Мен оларды балама көрсеттім. Мен сенің тыржалаңаш жатқан фотоңды саламын деген хаттар келді. Құдайға шүкір енді мен еш жерде тыржалаңаш жатпаппын. Бірақ, қазір фотошоп деген бар. Заман өзгерді. Осыдан бес-алты жыл бұрын тойға барып, халықтың арқасында джип мініп, коттеджде тұрдық. Енді қайтаратын уақыт келді" , - деп ағынан жарылды Меруерт Түсіпбаева.

 

 




Көрілген: 6905    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 14:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31