Өркениет

Уәлибек Әбдірайымов: Қайрат Түнтеков бір рет сүрінем деп 40 күн отырып келді

  • Уәлибек Әбдірайымов: Қайрат Түнтеков бір рет сүрінем деп 40 күн отырып келді

    Уәлибек Әбдірайымов: Қайрат Түнтеков бір рет сүрінем деп 40 күн отырып келді

"Шаншар" әзіл-оспақ театрының актеры Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Түнтековтың шығармашылығын сөз етті. Бір рет сүрінген әнші өнерден алыстап кетті дейді өнер ағасы. Айтуынша, әрбір өнер адамының шарықтайтын, құлдырайтын кездері болады.

Бұл туралы "Қасқа жол" бағдарламасында айтылды. 

 
Уәлибек Әбдірайымов өнерден алыстап кеткен Қайрат Түнтековтың шығармашылы туралы әңгіме қозғады. Өнер ағасы өнердегі інісінің не себепті сахнадан алшақтап кеткенін түсіндірді. Әр өнер иесінің басында түрлі жағдай болады дейді ол. 

"Қайрат Түнтековты бәріміз білеміз. Ол керемет әнші. Ол талантты әнші. Өзіндік стилі бар. Даусы бар. Сахнада жарқырап шықты. Жарқырап жүрді. Бірақ бір рет сүрініп кетті. Ол сондықтан да сахнада көрінбей кетті. Оны бәрі естіген шығар. БАҚ-та жарияланды. Қырық күнге отырып келді. Сондықтан көрінбей кетті. Оны ешкім сүріндірген жоқ. Ол өзі сүрінді. Кез келген адам сүрінуі мүмкін. Қайта тұруы мүмкін. Ол енді қайта өнерге келіп жатыр. Шығармашылық адамының тоқырау кезеңі болады. Ондайда өнерден кетті деуге болмайды. Ол қайта келуі мүмкін", - деді Әбдірайымов.

Актердің айтуынша, Еркін Нұржанов та, Асқар Жүнісбеков те өнерден кетпеген әншілер. Олар тойдан бұрын өнерге қызмет етеді дейді ол. 

"Асқар, Еркіндерді мен талғамы бар әнші деп санаймын. Олар әнді таңдайды. Оларға той әндері келмейді. Сондықтан тойға шықпауы мүмкін. Тойдан табыс таппаған соң, қосымша кәсіп көзін іздеуі мүмкін. Егер бізде арнайы заң қабылдап, фонограммамен ән айтқызатын болса, әншілер өздері-ақ іріктеліп шығатын еді. Даусы барлар қалып, қалғаны ығыса беретін еді. Өкінішке қарай ондай жоқ. Бастапқыда айыппұл салып, кейіннен халықты алдап ән айтқаны үшін жауапқа тартса, өнер тазаратын еді", - дейді актер. 

Айта кетейік, Қайрат Түнтеков 2013 жылы Алматыдағы арнайы тергеу абақтысында 40 күн отырды. Көлікті куәліксіз, сенімхатсыз және жалған сақтандыру қағазымен жүргізген әнші Land Cruiser көлігімен соқтығысты. Жол талғамайтын көлік иесі жарақат алды, ал әнші жауапқа тартылды.

stan.kz




Көрілген: 981    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 13:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31