Уилл Смиттің "Оскардағы" әрекетіне қатысты тексеріс басталды

31 наурыз 2022, 09:26

Америкалық киноакадемия актер Уилл Смитке қатысты тәртіптік іс қозғағанын хабарлады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Актер Крис Рокты әйелі Джада Пинкетт-Смит туралы әзілі үшін шапалақпен ұрды. Комик сахнада Пинкетт-Смиттің шаш үлгісі туралы айтады. Ол ауруға шалдығып, бір жыл бұрын шашын алып тастаған

 

 

©REUTERS

 

"Бүгін басқарушылар кеңесі Смит мырзаға академияның мінез-құлық стандарттарын бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғады, оның ішінде орынсыз физикалық байланыс, қорлау немесе қорқыту", - деді CNN академия мәлімдемесіне сілтеме жасап.

 

Киноакадемия мәліметінше, оқиғадан кейін актерге рәсімнен кету ұсынылған, бірақ ол бас тартқан.

 

Еске салайық, Уилл Смиттің өзі "Оскар" кешіндегі мінез-құлқы үшін кешірім сұраған болатын.

 

"Кез келген түрдегі зорлық-зомбылық улы және жойқын. Менің өткен түнде рәсімдегі мінез-құлқым ерсі және кешірілмейді", - деп жазды Смит Instagram-парақшасында.