Өркениет

"Ұлды аңсаған шығар": Көпен Әмірбек Нұрғали Нүсіпжанов туралы ойын ашық айтты

  • "Ұлды аңсаған шығар": Көпен Әмірбек Нұрғали Нүсіпжанов туралы ойын ашық айтты

 Отандық белгілі сықақшы Көпен Әмірбек 82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты пікір білдірді. Ол өзінен 45 жас кіші аруды жар еткен әйгілі әншінің қайтадан отбасын құруына не себеп болуы мүмкін екенін айтты деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Көпен Әмірбек үйлену тойын дүркіретіп тойлап, ел арасында қызу талқыға қалған Нүсіпжановты толықтай қолдайтынын жеткізді.


"Нұрғали ағамыз 82 жасында үйленген соң, мен жарнамадан кете бастадым. Мен екінші, үшінші болып қалдым. Ол жақсы болды қайта.

Оның бұл шешімі өте дұрыс. Өйткені, ол кісіде бес қыз бар, ұлды аңсап жүрген шығар. Баяғыда Сексенбай мен Тоқсанбай деген аттар бекер қалмаған.


Қазір өзін күткен, таза ұстаған Нұрғали Нүсіпжанов ағамыздың күш-қуаты өзінің бойында деп ойлаймын. Ол кісі 82 жасында үйленсе, Сексенбай деген ұлы келе жатқан шығар, маңдайы жарқырап. Сондықтан, артынан ұрпақ қалдыру үшін Нұрғали аға осындай әрекетке барды деп ойлаймын" , - деді сықақшы.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелге үйленгенін хабарлаған болатынбыз. 82 жасында отау құрған әншіні барша отандық жұлдыздар жаппай құттықтады.


Танымал әнші мен Жадыра Сейдештің некелесуі желіде қызу талқыға түскен. Бұл мәселеге қатысты бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов пікір білдірген болатын. Одан кейін жас айырмашылығы аса үлкен жұбайлар жайлы Жүрсін Ерман да өз ойын айтты.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1486    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 18:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30