Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлт әдебиетін ұлықтаған ғалым еді...

15 қаңтар 2011, 15:06

Қазақ әдебиеттану ғылымы тағы бір қадірлі қаламгерінен айырылды. Елімізге есімі белгілі ғалым, аудармашы, филология ғылымының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұлов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Саналы ғұмырын ұлт әдебиетінің өр­кен­­деуіне арнаған ғалымның артынан ай­тар ойы салмақты ғылыми еңбектері мен әде­би кітаптары, аудармалары қалды. Ға­л­ымның ізденіс жолындағы негізгі зерт­теген тақырыптарының ішіндегі ең шоқ­тығы биігі – хакім Абай шығармашылы­ғы­на үңіл­ген зерттеулері. Жоғары білім ал­ғаннан кейін қызметке ерте араласа бас­таған қаламгер әдебиет әлеміне үңілуден еш­қашан қол үзген емес. Әсіресе өмірінің соң­ғы жылдары өнімді еңбек етіп, ұс­таз­дықтан да қол үзген жоқ.
Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17 сә­уірде Қостанай облысының Сарыкөл ау­данындағы Соналы ауылында туған. Орта мек­тептің 8-сыныбын бітіргеннен кейін, 1942 жылы алғашында Әулиекөлдегі ау­дан­дық газет баспаханасында әріп те­ру­ші, сосын аудандық газет редакция­сында жа­уап­ты хатшы болып істеген. 1951 жылы Қа­зақ мемлекеттік университетінің жур­на­листика факультетін бітірген. 3-курс сту­денті кезінде-ақ «Коммунист» (қазіргі «Ақи­қат») журналында партия тұрмысы бө­лімінің меңгерушісі болып істеді, көп ұза­май оның жауапты хатшысы және ре­дакция алқасының мүшесі болды. 1952-1987 жж. «Үгітші блокноты» («Блокнот аги­татора») журналының жауапты ре­дак­торы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің нұс­­қаушысы, республикалық «Қазақ әде­бие­ті» газетінің бас редакторы, Алматы облыстық «Жетісу», Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туралы» газет­те­рінің редакцияларында жауапты қыз­мет­кер, Қазақстан Компартиясының Орталық Ко­митеті жанындағы Партия тарихы инс­ти­тутында аударма секторының меңге­ру­шісі, Қазақ КСР Министрлер Ке­ңесі жанындағы Мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынба­са­ры, директоры болған. 1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1986 жылы Қазақстан Ком­пар­тиясының ХVI съезінде Орталық Комитет мүшелігіне кандидат болып сай­ланды.
1987 жылдан бастап М.О.Әуезов атын­­дағы Әдебиет және өнер институтын­да аға ғылыми қызметкер болып істеді. 1994 жы­лы «Абай: ақындық тағылымы» («Ғы­лым») атты монографиясы жарық көр­­ді. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шын­дығын бейнелеудің реалистік прин­­цип­тері» деген проблема бойынша док­тор­лық диссертация қорғады. Абай­дың шы­ғармашылық мұрасын бас­ты­ру және зерт­теу жөніндегі жұмыстары үшін Қа­зақ­стан Республикасы Мемлекеттік сый­­лы­ғының лауреаты атағына ие болды. 1996 жылы Қазақстан Әлеуметтік ғы­лым­дар ака­демиясының академигі болып сай­лан­ды. Кейінгі кезде М.Әуезов атын­дағы Әде­биет және өнер институтында Абай­тану бө­лімінің меңгерушісі болып іс­теді.
1991-96 жылдары қоғамдық не­гізде Жазушылар одағы басқармасының жа­нындағы Көркем аударма қауымдас­ты­ғы президентінің міндетін атқарды.
Ұзақ жылдар бойы баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларының біразы «Мар­жан мен махаббат» (1965), «Адам ме­йірі» (1968) атты жинақтарға ен­гі­зіл­ді. 2008 жылы «Өнер» баспасынан «Абай: да­налық дәрістері» атты ғылыми-пу­бли­цис­тикалық монографиясы жарық көр­ген.
Бальзактың «Үзілген үміттер», «Жер­гі­лік­ті дәрігер», «Шегрен былғары», Стен­даль­­­дың «Қызыл мен қара», Ю.Бон­да­рев­тің «Жағалау» және «Таңдау», В.Ан­чиш­­кин­нің «Арктика аңызы», П.Коэльоның «За­­һир», В.Вересаевтың «Тығырықта» ро­ма­­ны мен «Өмірге беталыс» повесін, В.Даль­­дің «Бекей мен Мәулене», Э.Каза­ке­вич­­тің «Көк дәптер» атты шығармаларын қа­­зақ тіліне аударған.
Қазақ сөзінің қадір-қасиетін танып, ұлт­­тық әдеби мұрамызды зерделеп, тал­ғам таразысына сала білген, ақылы мен па­расаты биік, білікті ғалым – әдебиеттану саласына сіңірген еңбектері үшін «Халық­тар достығы», «Құрмет» ордендерімен, көп­­те­ген медальмен марапатталған, Қа­­зақ­­стан Республикасының еңбек сі­ңірген мә­дениет қызметкері.
Тұрсынбек Кәкішев, филология ғылымының докторы, профессор, академик:
– Жұмағалимен КазГУ-да қатар бі­лім алдық. Ол бізден бір курс төмен оқы­ды. Сол кездің өзінде ол қа­тар­лас­тарынан білімінің тереңдігімен, зе­рек­тігімен, алғырлығымен ерек­ше­ле­ніп тұ­р­атын. Қоғамдық істерге де бел ше­шіп кірісіп кететін. Университетте оқып жү­ріп, Қыздар педагогикалық уни­­вер­ситетіндегі қыздарға қол ұшын бе­ріп, олардың қабырға газетін шы­ғарысып тұрды. Бұл кезең соғыстан ке­йінгі ауыр жылдар болатын. Кездескен қиын­дық­тарға қарамастан, біздің ұр­пақ ғы­лым мен білімді игеруге, елге қыз­мет етуге ша­мамыз келгенше тал­пы­ныс жа­са­дық. Жұмағали оқуын үз­дік­тер са­пы­нан бітірген соң, жас та бі­лікті маман ре­тінде жауапты жұ­мыс­тар­ды атқарды. Өзінің қабілет-қа­ры­мының арқасында ұзақ жылдар жо­ға­ры лауазымды қыз­мет­терді де атқарды. Ке­йіннен әде­биет­­тануға толығымен ден қойып, абай­­тану ілімін дамытуға ат­салысты. Ел білетін Жұмағалидің ерек­ше бір қа­­сиеті оның шыншылдығы болатын. Ол қаһарлы 1986 жылдың Желтоқсан кө­терілісі кезінде ҚазТАГ-тың басшысы бо­лып тұрғанда республикалық ба­сы­л­ымдарда Желтоқсан шындығын бей­нелеген фотосуреттерді жария­лат­ты­рып жібергені үшін қызметінен алас­та­тылған еді. Осының өзі оның ұлт үшін кү­ресуден тартынбаған азамат екенін аңғартады. Қазақ әдебиеттану ғы­лы­мында өз қолтаңбасын айшық­таған ға­лым Жұмағалидің артында қалған ең­бектері әлі талай ұрпақтың қажетіне жа­райтынына сенеміз.
Ұлтымыздың руханиятын көтеруге қа­рымды қаламымен, азаматтық та­ла­бымен қалтқысыз қызмет еткен құрметті ға­лымды соңғы сапарға шығарып салу рә­сімі дүйсенбі күні, қаңтардың 17-сінде Ал­матыдағы М.Әуезов атындағы Ака­де­мия­лық драма театрының ғимаратында сағат 10.00-де өтеді.