Өркениет

Ұлттық киім киген Ерке Есмахан елді риза етті (фото, видео)

  • https://www.instagram.com/erke_esmahan/

    https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Ерке Есмахан қалың көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды. Әншінің жанкүйерлері оның жаңа туындысымен қатар, клиптегі ерекше ұлттық образдарына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ерке Есмаханның "Еркелей берем" атты бейнебаяны барша көрермендерге жол тартты.

 

Өнер иесі Youtube желісінде су жаңа туындысының тұсауын кескен. Желі қолданушылары карантинге қарамастан жанкүйерлерін жаңа әндермен қуантып жатқан эстрада жұлдызының бұл жұмысына жоғары бағасын берген.

 

Сонымен қатар, желідегі көпшілік әншінің жаңа өлеңіне ғана емес, оның бейнебаяндағы ерекше образдарына тамсанған. Ерке Есмахан жаңа клипінде қазақтың ұлттық киімімен табиғат аясында бой көрсеткен.

 

Шоу-бизнес өкілі, кадрдан тыс фотолармен Instagram желісінде бөлісіп, оқырмандарының жылы лебіздеріне ие болған.

 

"Өте жарасымды. Сізді осындай образда көрмегенімізге көп болып еді" , "Қазақтың ұлттық киімі недеген әдемі. Қыздары да көрікті" , "Жарайсың Ерке, аруларға осындай киімдерді насихаттау керек" , "Қазақ көйлек сізге өте жарасады" , "Мінсіз болып тұрсыз. Еңбегіңіз бағалансын" , "Бейнебаян да, ән де, образдар да күшті шыққан" , "Қазақстанның табиғатын да, қазақтың ұлттық киімін де көрсетті" , "Өнеріңіз шарықтай берсін. Өте сұлусыз" , "Сізді үнемі қыздарыма үлгі етемін" , - деп жазуда жұртшылық.

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 3300    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31