Өркениет

"Ұлы дала психологтарына рахмет!": Мейіржан Төребаев Ерке Есмаханды "мақтаншақ" деп атады

  • "Ұлы дала психологтарына рахмет!": Мейіржан Төребаев Ерке Есмаханды "мақтаншақ" деп атады

Төребаев әншіні ұзақ күттірмей, оған Stories арқылы жауап берді.

Әнші Ерке Есмахан белгілі вайнер әрі актер Мейіржан Төребаевтың "Маска" шоуының қазылар алқасының құрамына кіргеніне наразылығын білдірді. Әнші мен әзілкеш Instagram желісінде бір-бірімен сөзге келіп қалды, деп жазды NUR.KZ.

Өнер иелері өзара келісе алмай, бір-біріне Stories арнады. Бұл ретте Ерке Есмахан әділқазы ретінде өзі қатысатын "Маска" жобасының видео үзінділерімен бөлісті. Бейнежазбада оның қатысушыға қатысты пікір білдіріп жатқанын көруге болады. Осы орайда Төребаев әншінің сөзін бөліп жіберді.

"Мейіржан, "Өнер барысы" болсаң да, болмасаң да быт-шытыңды шығарамын" деп жазды Ерке Есмахан.

Одан кейін әнші әзілкештің қазылар алқасының құрамында отырғанына шүйлікті. Төребаев әншіні ұзақ күттірмей, оған Stories арқылы жауап берді. Ол Еркені мақтаншақ деп мұқатты. "Мақтанамын. Ал сен, біріншіден, менің өнеріммен танысып ал, сен ба деп отырмай!" деп жазды Ерке Есмахан. Сонымен қатар ол сананың адам өміріне қаншалықты әсер ететіні туралы жазба жариялады.

"Білесіздер ме, адамның жетістігіне оның білімі онша әсер ете қоймайды екен. Білім болу керек, әрине. Бірақ көбіне әсер ететіні - санасы! Психолог апайлардың бейсана, түпсана туралы көп әңгіме айтатыны сол екен ғой. Мысалы мен сабақты шемішкідей шақпасам да, кішкентайымнан армандаған, ойлаған ойымның барлығы жүзеге асыпты. Соны бүгін түсіндім. Шүкір! Оның түпсана екенін о кезде білмеймін ғой. Ұлы дала психологтарына рахмет", - деді әнші.




Көрілген: 2422    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 23:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31