Үндістанда Абай ескерткіші ашылды

02 маусым 2022, 16:36

Нью-Делидегі (Үндістан) Сан Мартин Парк скверінде Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  тілшісі Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістанның сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысқан.

Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Tengrinews.kz