Өркениет

«Үркер» ұлттық журналистика сыйлығы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа берілді

  • «Үркер» ұлттық журналистика сыйлығы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа берілді

    «Үркер» ұлттық журналистика сыйлығы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа берілді

13 қараша Нұр-Сұлтан қаласында баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер &ndash 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл «Отандастар қорының» ұсынысымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Үркер» ұлттық сыйлығы «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпарат агенттігінің 100 жылдығына орай шетелдегі қазақ тілді БАҚ өкілдеріне арнайы бір номинация тағайындалған еді. Байқауға Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Иран мемлекеттерінен 10 үміткер қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Моңғолия Республикасындағы қазақ тілді https://kaznews.mn/ сайты жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, «Отандастар қоры» мен «ҚазАқпарат» Халықаралық Ақпарат агенттігі бірлесе жұмыс істеп келеді. 2019 жылы екі тараптың қолдауымен шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының жиыны ұйымдастырылды. Аталған мәжілісте шетелдегі қазақ тілді БАҚ бірлестігін құру ұсынылды. Сондай-ақ 2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Шетелдік және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы шеңберінде 80 астам шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тың дерекқоры анықталды. Енді 2021 жылы шетелдегі қазақ тілді БАҚ бірлестігін құру жоспарланған.

«Үркер» ұлттық журналистика сыйлығының шетелдегі үздік қазақ тілді БАҚ-қа арналған алғашқы жүлдесін жеңіп алған https://kaznews.mn/ сайтын «Отандастар қоры» атынан құттықтаймыз!

aikyn.kz




Көрілген: 991    Пікірлер: 0

сенбі, 14.11.2020, 02:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31