Өркениет

Үш баланың анасы: "Мың бір түндегі" Шехризат қазір қайда?

  • Үш баланың анасы:

    Үш баланың анасы: "Мың бір түндегі" Шехризат қазір қайда?

“Мың бір түн” фильмінде Шехризат рөлімен көпке танылған Бергюзар Корель бүгінге үш баланың анасы. Актриса роль сомдаған фильмдерінің ішінде оны Түркияда және басқа елдерде танымал еткен бірнеше сериал бар. Бірнеше уақыт көрермен назарынан тыс қалған актрисаны көпшілік үнемі іздейді. Оның өткені мен қазіргі өміріне қызығушылық танытады. Көпшілікке танымал түрік актрисасы қазір қайда? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бергуюзар Корель 1982 жылы 2 қыркүйекте Стамбұлда актерлер отбасында дүниеге келген, бірақ балалық шағы Ұлыс қаласында өткен. Ата-анасы танымал актерлер болған. Анасы Хюльи Дарджанның тегі албан, ал әкесі Танжу Корельдің ұлты шеркес. Бала кезінен Бергюзар шығармашылық ортада өст. Соныі әсерінен өнерге жақын болды.

Бергюзардың тағы бір құмарлығы спорт болды. Мектеп жылдарында волейбол ойнағанды ұнататын. Бірақ мамандық таңдау уақыты келгенде, ол сөзсіз Мимар Синан университетінің актерлік факультетіне оқуға түсті. Бірден дерлік қыз қысқа метражды фильмдерде ойнай бастады және театрда эпизодтық рөлдерге ие болды.

Бергузарға Том Хэнкс пен Николь Кидманға актерлік сабақтар берген Сьюзан Бастоннан көп нәрсе үйренді.

"Мың бір түн" фильмінде актриса Шехризат Евлияоғлының рөлін сомдады. Сұңғақ бойлы, сымбатты қыз (бойы 180 см, салмағы шамамен 57 келі) көрерменді бірден баурап алды. Көрермендердің пікірінше, бұл рөл актрисаға өте жарасады, өйткені Корель жұмбақ әрі дана кейіпкерге сай келеді.

Корельді Түркияның ең жұмбақ жұлдыздарының бірі деп атауға болады. Актриса өзінің жеке өмірін айта бермейді. Дегенмен жас кезінде әріптесі Тан Саргтюркпен кездескені белгілі. Олар жанжалдасып, екі жаққа кетті. Актер сүйіктісінен құны 10 мың доллар тұратын неке жүзігін қайтаруды талап етті. Бергюзар бұрынғы жігітіне ажырасқанға дейін бірге алған барлық заттарды қайтарып бергенін айтты.

Бүгін Корель қарым-қатынаста бақытты екенін айтады. Күйеуі – түрік актері, "1001 түн" сериалындағы серіктесі Халит Эргенч. Ол актрисадан 12 жас үлкен. Ерлі-зайыптылар 2006 жылы Халит әлі некеде болғанда танысқан. Актер жаңа махаббаты үшін бұрынғы әйелі бала күтіп жүргеніне қарамастан ажырасып, көп ұзамай Бергюзарға үйленді. Үйлену тойынан кейін актриса фамилиясын Корел-Эргенч деп өзгертті.

2010 жылы жұптың Әли есімді ұлы өмірге келді. 2020 жылдың наурыз айында актриса екінші ұлы Ханды дүниеге әкелді, ал 2021 жылдың күзінде қызы Лейла дүниеге келді. Актриса үшінші жүктілікті ауыр өткізді. Алайда қызы өмірге келген соң бақытты екенін айтып, қуанышын бөлісті. 

Бергюзар Корель үшінші баласының дүниеге келуі ұлдардың дүниеге келуінен де қиын болғанын мойындайды. 39 жастағы актриса өзін жұлдызды жары Халит Эргенчтің үнемі қолдайтынын айтып, босану кезінде түскен суреттерін жариялады.

Корельдің айтуынша, ол 11 сағат толғатқан. Бұл кіндіктің қысқа болуына және ұрықтың күрделі орналасуына байланысты болып шықты. Соған қарамастан дәрігерлер анаға да, балаға да көмектесе алды. Ләйлә есімді қыз бала сау болып дүниеге келді. Бірнеше күннен кейін Халит Эргенч әйелі мен қызын үйіне алып кетті.

Бергюзар Корель өз парақшасынан дәрігерлерге алғысын білдіріп, болашақ аналарды өз өмірі мен баланың өмірін сеніп тапсыра алатн дәрігерлерді таңдауға мұқият қарауға шақырды.




Көрілген: 1623    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31