Өркениет

Ұшақ апаты туралы бейнебаян түсірген Нұрболат Абдуллин елді жылатты (видео)

  • Ұшақ апаты туралы бейнебаян түсірген Нұрболат Абдуллин елді жылатты (видео)

    Ұшақ апаты туралы бейнебаян түсірген Нұрболат Абдуллин елді жылатты (видео)

 Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин «Сүйемін» атты әніне бейнебаян таспалады. Өнер иесі клипінің сюжеті ретінде жақында Алматы маңында болған ұшақ апатын арқау еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абдуллин бейнебаянында бір-бірінен айырылып қала жаздаған ерлі-зайыптылардың хикаясын көрсетті.

Сценарий бойынша отағасы елордаға ұшып кеткенде, келіншегі ұшақтың апатты жағдайға ұшырағанын біледі.

Қаралы хабарды ести сала, ол ауруханаға жөнеледі. Әйел адам апатты жағдайда зардап шеккендер арасынан жолдасын іздестіре бастайды. Алайда, барлық палаталарды аралап, үміті үзілген сәтте оған сүйіктісінен «Мен Нұр-Сұлтанға қондым» деген хабарлама келеді.

Бейнебаян соңында ер адамның мүлдем басқа ұшақпен ұшып кеткені белгілі болады.

Әншінің бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шықса керек, желідегілер оң пікірін жаудырды.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/nRKSkjJr2HU" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

«Өнеріңіз шарықтай берсін» , «Сізге той әндерінен гөрі, осындай лирикалық туындылар жарасады» , «Аса актуалды тақырыпты көтеріпсіз, жарайсыз» , «Үлкен тәрбиелік мәні бар туынды» , – деп жазуда олар.

Айта кетерлігі, Нұрболат Абдуллиннің бейнебаянында басты рөлдерді танымал ерлі-зайыпты актерлар Рүстем мен Жанар Жаныамановтар сомдаған.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Ерке Есмахан «1001 күн» әніне арналған бейнебаянын Атырауда ерлікпен қаза тапқан 24 жастағы полицейге арнаған еді.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1135    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30