Әнші Ерке Есмахан қазіргі уақытта жастар арасында аса танымал Мирас Жүгінісов туралы не ойлайтынын айтты. Қос әртіс жақында Қазақстанды бір апта бойы бірге аралап, өз ән кештерін берген болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі жазады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Ерке Есмахан Мирас Жүгінісовпен ән турнеге келіскенімен, онымен тек әуежайда ұшарда бір-ақ танысқан болып шықты.
Әнші өнердегі әріптесін аса қатты құрметтейтінін айтып, оның командасына сәттілік тіледі.
<iframe class="instagram-media instagram-media-rendered" id="instagram-embed-0" src="https://www.instagram.com/p/CbxVvXEt5gg/embed/?cr=1&v=13&wp=594&rd=https%3A%2F%2Fkaz.nur.kz&rp=%2Fshowbiz%2F1963071-usaqta-tanystyq-erke-esmaxan-miras-zuginisov-turaly-oiyn-aitty%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A1741.3000000002794%2C%22ls%22%3A1649.5%2C%22le%22%3A1734.7000000001863%7D" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" frameborder="0" height="878" data-instgrm-payload-id="instagram-media-payload-0" scrolling="no" style="background: white; max-width: 540px; width: calc(100% - 2px); border-radius: 3px; border: 1px solid rgb(219, 219, 219); box-shadow: none; display: block; margin: 0px 0px 12px; min-width: 326px; padding: 0px;"></iframe>
"Мирас Жүгінісовпен осы ән турнеге ұшарда, ұшақта таныстық. Танысқан сәттен әңгімеміз жарасып, сырласып, қалжыңдасып, дос болып алдық. Музыкалық талғамы, Алла берген таланты, ата-анадан алған тәрбиесі бір бойына жиналған Мирас нағыз жігіт және нағыз шығармашылықтың адамы екен! Продюсері екеуі мақсаттарын айқын білетін, бір-бірін жақсы түсінетін керемет команда. Жігіттерге өнердің биік шыңын тілеймін, қазақ музыкасына қосып жүрген үлестерің бағалана берсін! Жігіттер, алда әлі талай аттанамыз, ұзақ жолға", - деп жазды ол Instagram парақшасында.