Өркениет

"Ұшатын көліктер мен реактив самокаттар". Суретшілер "Арманымдағы Қазақстан" байқауында болашақты бейнеледі

  • "Ұшатын көліктер мен реактив самокаттар". Суретшілер "Арманымдағы Қазақстан" байқауында болашақты бейнеледі

 "Арманымдағы Қазақстан" байқауына суретшілердің өз отанын 20, 50 және 100 жылдан кейін қалай елестететінін көрсететін алғашқы жұмыстары түсе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Alash Media Group холдингінің бұл мәдени футуристік жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен талантты адамдарды жинады. Мақсаты - қазақ қоғамының сан қырлы әрі дамушы екенін көрсету.


Жоба қатысушы Асылжан Мұқанов Қазақстанды 100 жылдан кейін осылай елестетеді. Қазақстанның болашақта толығымен жасыл технологияға өтетініне ол кәміл сенімді. Сонымен қатар Асылжан астананың ерекше символдарының бірі "Хан Шатыр" өзгеріссіз, әсем күйінде қалатынына сенеді.

Келесі қатысушының да ойы Асылжанның идеясымен ұқсас. Жәнібек елестететін Қазақстанның 100 жылдан кейінгі бейнесінде елорданың символдарының бірі - "Бәйтерек" салынған. Оның ойынша, болашақта қоғамдық және жеке ұшатын көліктер пайда болады.




Байқаудың тағы бір қатысушысы Ғалия да болашақтағы елорданы бейнелеген. Ол өз туындысында ұшатын көліктермен қоса, реактив қозғалтқышы бар самокатты қосқан.



Адия есімді қатысушы өз жұмысында еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласын бейнелеген. Ол жаңа ғимараттардан бөлек, Алматының болашағын гүлденген қала одан әрі құлпырып, жайқалатынын суреттеген.


Ал Галияның ойынша, Қазақстанның болашағы - ол сәбилер.


"Арманымдағы Қазақстан" байқауына 18 жастан асқан кез келген ҚР азаматы қатыса алады. Қатысуға өтінішті 2019 жылдың 18 маусымы мен 30 шілде (қоса алғанда) арасында artdream.kz сайтына жіберуге болады. Ұйымдастырушылар таңдап алған үздік жұмыстар осы порталда жарияланады. Әрбір жарияланған жұмысқа автор 20 мың теңге көлемінде ынталандыру қаражатын алады. Жобаның жалпы ережелері туралы осы жерден танысуға болады. Атап өтейік, жұмыстар екі категория бойынша қабылданады - сандық және бейнелеу өнері, өтінішті екі категория бойынша да қалдыруға болады, алайда әр категорияға бір жұмыстан қабылданады. Жеңімпаздарды ақшалай марапаттар күтеді: бірінші орын - 300 мың теңге, екінші орын - 200 мың теңге және үшінші орын - 100 мың теңге. Жекешеленген "Интернет таңдауы" жүлдесі 1-14 тамыз аралығында онлайн дауыс беру арқылы өтеді. Байқаудың жүлдеқоры - 1,2 миллион теңге. Жоба серіктесі - ERG компанясы. Жоба қорытындысы бойынша ең үздік жобалар ERG компаниясының кәсіпорындары жұмыс істейтін елдердің көрмесінде көпшілікке ұсынылады. Құрметті қазақстандықтар, болашақ ұрпағымыз бақытты өмір сүретін елді өздеріңіз бейнелеп, суреттей аласыздар. Бірге армандайық!

Tengrinews.kz


 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 00:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31