Өркениет

"Ұсыныс жасаса, қарсы емеспін": Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен байланыс орнатқысы келетінін айтты

  • "Ұсыныс жасаса, қарсы емеспін": Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен байланыс орнатқысы келетінін айтты

Біраз уақыт халық көзінен таса болған Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен тағы байланыс орнатқысы келетіні айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бұл жайлы Жанар Хамитова НТК арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.


Нұржан мен Жанарды жолықтырған Superstar жобасы. Артынша қос өнерпаз арнау тобында ән салып, кейіннен бұл жұптың арасындағы сезімнің ұшқыны да ашық айтылған. Бірақ екі жастың жолдары тоғыспады. Бұл жағдайды Жанар Хамитова өзінше түсіндірді.


"Себебі жас болдық. Уақыты келмеді, менің адамым болмады. Бұлай болғанына өкінбеймін. Есіме түсіп отыр, Нұржанның да, менің де бойымыз қысқа еді. Маған шартты түрде үлкен адам қажет болған ғой. Көптеген адам "Білесің бе сенің Қапқарашкаң үйленді, баласы дүниеге келді" деп Нұржанның жаңалықтарын жиі айтып тұрады. Ол үшін қуаныштымын", - дейді Хамитова.


Ал экс-сүйіктісін ұмытып, отбасына көңіл бөліп, сүйікті жар, жақсы әке атанған Нұржан Керменбаев бұл тақырыптың аяқ астынан ашыла қалғанына таңданды. Оның пікірінше, әңгіменің айтатын да тұсы қалмаған.


"Жанар екеуіміз көріспегелі біраз болды. Сол уақыттан бері көріспедік деп айтсам болады. Біраз нәрсе өзгерді, ол кісі өнер әлемінен кетті, қазір айта беретіндей бұл тақырыптың жыры да қалмады. Егер жыры болатын болса, жырлайтын едім", - дейді Қапқарашка.


Алайда, Жанар Хамитова Нұржанмен өмірде жолы тоғыспаса да, өнердегі байланысын үзгісі келмейтінін айтты. Егер Қапқарашканың тарапынан ұсыныс түсіп жатса, Хамитова ханым кетәрі емес.


"Иә, егер бірлесіп ән жазайық деп ұсыныс айтып жатса, ешқандай қарсылығым жоқ", - дейді Жанар.


Көпшілікке көптен бері көрінбей жүрген әнші жеке репертуарын қолға алып, концерттерге де жоспар құрып қойған. Жанар Хамитоваға бұл жағынан әнші Сиви Махмұди қол ұшын созды.


"Жанар қаншама жылдан бері Түркияда тұрып келді. Түрік тілін жақсы меңгерген. Жанарға керемет бір түрікше ән жазып, стиліңді өзгертейік, бет-әлпетіңді, болмысыңды басқа жағынан көрсетейік деп ұсыныс айтып жатырмын", - дейді Сиви Махмұди. 




Көрілген: 1822    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 21:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30