Өркениет

"Ұтсаң, ұзағырақ қораға кіресің": Бағлан Әбдірайымов құмар ойын жайлы кітап жазып шықты

  • "Ұтсаң, ұзағырақ қораға кіресің": Бағлан Әбдірайымов құмар ойын жайлы кітап жазып шықты

Осыдан біраз уақыт бұрын құмар ойынның шырмауына шырмалғанын ел алдында мойындаған Бағлан Әбдірайымов кітап жазып шықты. Әнші Instagram парақшасында жаңа туындысынан үзінді жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші мұндай ойындарды қою үшін оны не үшін ойнайтыныңды ақтап алу керектігін айтты.


"Әр ойнаған сайын ұтсаң, ұзағырақ қораға кіресің. Өйткені эмоциямен алдыңды болжай алмайсың. Ал ұтылсаң "енді ойнамаймын" деп мың уәде бересің. Алайда ақша түссе ұмытып қалып, қайта барасың. Не үшін ойнайсың? Осы сұраққа жауап тапсаң қоюдың жолын тапқаның. Қарыздан құтылу үшін ойнасаң, армандапсың. Ол - балшық! Қозғалған сайын бата бересің.

Ал жай азарт басу үшін болса, осы жерден басқа азартқа ауысып үлгеріңіз. Мысалыға спорт, табиғат, саяхат. Бұл қолдан келмей жүрсе, достармен көңіл көтеруді әдетке айналдырыңыз. Есіңізде болсын, бәлені бәле қайтарады. Одан қорықпаңыз", - дейді өнер иесі.

Сондай-ақ "Жігіттер" тобының әншісі мұндай жеңіл жолмен табыс табудан құтылудың әдіс-тәсілін де айта кеткен.


"Ақыл сұраған оқырманыма "Егер саналы, есті "азартникпін" десеңіз ойынға жұмсар ақшаның 10% садақаға беріңіз. Шын мұқтажды тауып, өз аяғыңызбен барып, өз қолыңызбен табыстаңыз. Тәубеңе келтіреді. Сол бейне көз алдыңызда тұрып, "ставка, мнение" дегенге кәдімгідей кедергі келтіреді.

Жиі қайталап әдетке айналдырсаңыз құтыласыз! Сізде өмір бойы екі таңдау бар. Қарызға кіріп берекең қашып, мүгедек немесе өліп қалған жақсы ма? Әлде осы жерден тоқтап, есіңді жиып, еліңе, ортаңа, отбасыңа пайдаң тигені жақсы ма? Ойланыңыз" деп жауап бердім.

Бұл қоғамдағы жазылмас дерт болып көрінеді. Олай емес. Бәрі өз қолыңда. Жақын күндері жарық көрер "Ақ пен Қара" кітабым да осы тақырыпты кеңінен қозғап, ашып береді. Оның әрбір "азартникке" ойынды қою үшін таптырмас құрал екенінен күмәнім жоқ", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов. 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.08.2019, 17:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31