Өркениет

Ұтыс ойын өткізбек болған Ақбота Керімбекованың басы дауға қалды

  • Фото: Instagram/botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова халық арасыда ұтыс ойын өткіземін деп басы дауға тап болды. Конкурс өтіп кеткеннен кейін әлі күнге дейін ақшаларын ала алмай жүрген көпшілік желіде жанайқайын жеткізді. Олар елімізде орын алған онсыз да қиын жағдайда қаржыдан қағылғанына қапалы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Керімбекованың ұтыс ойнына қатысқан желі қолданушысы қалың көпшілікке басынан өткен жағдайды баяндап берді. Алайда, оның оқиғасы отандық танымал тележүргізуші Гүлмира Әбіқайдың Instagram парақшасында жарияланды. Төменде назарларыңызға ақшасынан айырылып қалған қордайлық келіншектің жазған мәтінін ұсынамыз.

 

"Сәлеметсіз бе! Біз инстаграммдағы Роза Әлқожа одан кейін Акбота Керимбекова ашқан С5 конкурс парақшада инвестиция жинағанда акша салғанбыз. Енді өзіміздің ақшамызды аламай жатырмыз. Конкурс өтіп кетті. Ал соны ұйымдастырған адамдар жоқ, байланысқа шықпайды. Көмек сұраймыз сіздерден, бізге көмек беріңізші. Жалпы, біз жүз шақты адам инстаграмнан с5konkurs_oficial деген парақшадан пәтер мен көлік ойнатылатынын көреміз. Ол конкурсты басында Роза Әлқожа бастаған. Одан соң, Ақботе Керімбекова жүргізді. Инвестиция деп ақша жинауға жарнама жасайды. Бізге ақша құйыңыздар, біз елу пайыз қосып қайтарамыз дейді. Жалпы сомма елу млн теңге. Мен Ақбоат Керімбекова бар ғой, енді алдамайтын шығар деген оймен 700 мың саламын. Олар екі апта деп айтқан. Мен 10 ақпанда салдым. Содан бері олар ақшаны қайтармады. Екі айдай уақыт өтті. Видеода Ақбота конкурс туралы айтып отыр, пәтер машина бірінші наурызда ойнатылады деген болатын. Енді инвестицияға ешқандай қатысым жоқ деуде. Күнде отырмыз күтіп. Күні бойы ертеден кешке дейін сол чатқа қарап, өлетін болдық. Жүйке жүйесі бұзылды. Не істерімізді білмей отырмыз. Осы Азат Оспанов деген бала. Біз күнде жазамыз, әбден қиналып кеттік. Біреудің баласы ауруханада, біреудің несиесі өсіп жатыр. Елдер қан қысымынан құлап жатыр. Менің әкем де инсульттан кейін содан сол ақшаны сұрап алған едім. Инстаграмда шығарып қойыпты. Күнде ақша салып жатқандарын айтыпты. Өтірік бәрі" , - деп жазыпты қордайлық Наргиз есімді ару.

 

КТК журналисі Гүлмира Әбіқай ұтыс ойнына ақшасын қайтара алмай жүрген адамның оқиғасына қатысты пікір білдіріп, мұндай конкурстардың жүріп жатқанына наразылық танытты.

 

"Сонда, қазіргідей ел басына қатер төнген, ТЖ инста-байқаулар әлі өтіп жатыр ма? Өз басым ешқашан мұндай ұтыс ұйымдастырып не қатысып көрмегендіктен сөзім жоқ. Ал, заңдық тұрғыдан әншінің "ойынның әділ әрі заңды өтуіне кепілдік беремін" деуінің өзі өрескел қате. Қазақстан азаматтарына заңның орындалуына президент қана кепіл бола алады" , - деді ол.

 

 




Көрілген: 1531    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30