Өркениет

Үйленбей тұрып Бурабайға бардық: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат екеуінің қызықты оқиғасын айтып елді күлдірді

  • Үйленбей тұрып Бурабайға бардық: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат екеуінің қызықты оқиғасын айтып елді күлдірді

    Үйленбей тұрып Бурабайға бардық: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат екеуінің қызықты оқиғасын айтып елді күлдірді

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен қыз-жігіт болып кездесіп жүрген кездегі қызықты оқиғаларын айтып, көпшіліктің көңілін көтерді. Актриса демалысқа барған уақыттағы қызықты жайттарды баяндады.

"Біз отбасын құрмай тұрып та Бурабайға жиі баратынбыз. Бірде әпкем, мен, Қайрат және оның досы болып демалуға келдік. Қайыққа мініп, квадроциклмен қыдырып, велосипед теуіп, уақытты керемет өткіздік. Үйге қайтар күні тау мен тасты аралап, серуендеп жүргенбіз. Қайрат бір тасқа «Қайрат+Жұлдыз» деп қашап жазып: «Мұны ешкім ешқашан өшіре алмайды» деп мәз болған. Біраз жүрген соң қарнымыз әбден ашып, түстенейік деп үйге келдік. Есік ашылмайды. Кілтті қалай бұрасақ та, ашылар емес. Сөйтсек романтик мырзамыз «Қайрат+Жұлдыз» деп тасқа осы кілтпен қашап жазғанда, кілттің тісі кетіп, мүжіліп қалыпты", - деп жазды Әбдікәрімова.

Осыдан соң екі жас бөлмесіне кіре алмай әбден қиналған екен. Қайрат екінші қабатқа өрмелеп шығап, заттарын алып қашқан көрінеді.

"Ол кезде ұялы телефон да жоқ. Пәтер екінші қабатта орналасқан. Оның үстіне терезесі тормен қоршалған екен. Кетер кезде ішкі жағын ашып кеткенбіз. Арамыздағы ең арығы Қайрат еді. Екінші қабатқа өрмелеп, тордың арасынан өтіп, ішке енді. Бірақ есік іштен де ашылмады. Тордың арасынан біртіндеп киімдерімізді лақтырып, заттарды шығарып алды. Үй иесіне ақшасын алдын ала төлеп қойғанбыз, тек кілтін бүлдіріп алғанымызға қорықтық па, өткізбей кетіп қалдық.

Қанша жыл өтсе де Бурабайға барған сайын Қайрат екеуміз осы оқиғаны еске алып, сол апай не істеді екен деп уайымдап та, балалығымызға күліп те аламыз", - деп жазды Жұлдыз.

Бұл оқиғаны Жұлдыз Әбдікәрімова өз кітабына естелік ретінде жазғанын атап өтті. 




Көрілген: 3607    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 13:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30