Өркениет

«Зере» атты қазақстандық фильм Бразилияда өтетін кинофестивальге қатысады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстандық жас режиссердің тұңғыш туындысының тұсауы Сан Паулу қаласында өтетін халықаралық кинофестивальде кесіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

 

Режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Зере» толықметрлі дебют көркем фильмі Сан Паулудағы 45-ші халықаралық кинофестивальде көрсетіледі.

 

São Paulo International Film Festival - жыл сайын дебютанттар арасында өтетін кинофестиваль. Халықаралық деңгейде бұл фестивальді Mostra деп те атайды.

 

Биыл кинофестиваль 21 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді. Ал ашылу салтанаты 20 қазанда болады.

 

Фестиваль үш секциядан тұрады: халықаралық перспектива, арнайы презентация және дебютанттар байқауы.

 

 

«Зере» фильмі дебютанттар байқауында бақ сынайды.

 

Айта кетейік, «Зере» фильмінде басты рөлдерде Берік Айтжанов, Мұрат Бисембин, Ольга Ландина, Адина Бажан, Елжас Рахым және Санұржан Сүлейменов сынды актерлер ойнайды.

 

Түсірілім былтыр Жамбыл облысы Балқаш көлінің маңында Тайсойған деген жерде жүрген.

 

Туынды - Qara Production және Libertus Film өнімі.

 

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 23:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30