Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зиялы қауым Алматыдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

10 тамыз 2022, 10:43

Алматы қаласында зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Шара Абай алаңында өтті. Оған М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, ақын-жазушылар мен қала тұрғындары қатысты.

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

 

Бұған дейін Жаңа Қазақстан азаматтарына арналған «Абайдың кісілік кодексі» құрастырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ләйла Мұсалының айтуынша, «Абайдың кісілік кодексінде» - Абайдың таңдамалық даналық және қара сөздеріндегі кемел адам, толық адам қалыптасып шығу жолында халыққа айтқан өсиеттері іріктеліп алынған.

Бұл – қазіргі қоғамның әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін заңдық күші бар құжат.

Айта кетейік, елімізде 2020 жылы Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні деп белгіленді.

Ұлттың ұлы ойшылының ілімін зерттеушілер айтулы күн қалай тойлануы керектігі туралы ой бөлісті.

ҚазАқпарат