Әскерге әйелдердің де бар таласы...

Әскерге әйелдердің де бар таласы...

– Еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектер саны жыл өткен сайын артып келеді. Мұндай өзгеріс әскердегі тәртіпсіздіктің алдын алумен қатар, тұрғындар арасында әскери-патриоттық сезімнің кеңінен насихатталуына өз септігін тигізуде, – дейді әскери мамандар. Отан үшін аянбай еңбек ету, Қарулы Күштер қатарын толықтыру бүгінде тек ер-азаматтардың ғана міндеті болудан қалды.

Әскери киімді киген сайын кеудемді мақтаныш сезімі билейді
Әскери өмірдің қатаң тәртібіне мойы­май жүрген бойжеткендердің бірі – Қызыл­жар қаласындағы №6637 әскери бөлімінің әскери тілшісі Данагүл Әл-Қожа.
Данагүл жастайынан әскери киім киюді армандаған екен. Алайда әскери оқу орнына түсуге мүмкіндігі болмай, ар­ма­ны­на жету үшін басқа жолды таңдайды. Яғни журналистика мамандығын игереді. Сұлу мүсінді, сұңғақ бойлы әрі жоғары білімді журналист қызды әскери бөлім басшылары бірден жұмысқа қабылдайды. Бүгінде Данагүл №6637 әскери бөлімінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жандардың бірі. Таңертең ертемен сапқа тұрады, қо­лы­­на қару ұстайды, тіпті басылымдарға ма­қа­­­ла жазу үшін айлап оқу-жаттығу жиын­­дарында жүретін кездері де болады екен.
Жалпы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Солтүстік құрамасына қарасты №6637, №6697, №5510 әскери бөлім­де­рінде 185 әйел қызмет етеді екен. Әс­кери қызметтің тетігін ұстаған білікті де білімді арулардың күш-қуаты қаржы, іс-жүргізу, жинақтау және ұйымдастыру қызметтерінде көбірек пайдаланылуда.
Данагүл Әл-Қожа, №6637 әскери бөлі­мі­нің әскери тілшісі:
– Алғаш әскери қызметке келгенде бар жұмысым қолыма қағаз, қалам алып, фотоаппарат асынудан басталып, мақала жазумен аяқталады деп ойлағанмын. Бірақ менің бұл пікірімнің бірінші күні-ақ тас-талқаны шықты. Әскери киім кигізіп, сапқа тұр­ғызды, қолыма қару ұстатып, атыс ала­ңы­на жіберді. Талап бәріне бірдей, әйел, еркек деп бөліп-жарып жатпайды. Маған ішкі әскерлердің беделін көтеру, күнделікті жел өтінде кірпік қақпай қасқайып тұрған, салтанатты шеруде сымдай тартылып, сап құрған сергек сарбаздарымыздың өмірін насихаттау міндеті жүктелген. Өзімнің әскери міндетімді адал атқарып, төл әске­рі­міздің әлеуетін арттыруға аз да болса өз үлесімді қосып жүрмін деп білемін. Әр күн үстіме әскери форма киген сайын мақтаныш сезіміне бөленемін.

Мамандығым – мақтанышым
Таңертең жұмысқа кетіп бара жатып, үлкен көшенің бойында жиналып тұрған әскери киімдегі қыздарды жиі байқайтын Әсел қаржыгер мамандығын игеріп, Талдықорған гарнизонына өзі сұранып келген еді. Содан бері де он жылдан астам уақыт өтіпті. Басында келісімшартпен жай қатардағы қызметкер болып қабыл­дан­ған ол уақыт өте келе, байланысшылар бри­гадасының қаржыгер есепшісі болып тағайындалады.
Ізденімпаз, еңбексүйгіш қыздың мінез-құлқы – өзгелерге үлгі. Әсемдікке құштар Әселдің әріптестері оның табандылығын, ақылдылығын жоғары бағалайды. Қазір, құдайға шүкір, Расул, Әлихан есімді екі бүлдіршіннің анасы.
Әсел Оразаева, № 54 380 әскери бөлім қызметкері:
– Қазақстан мықты мемлекеттермен терезесі тең. Бұл – еліміздегі экономикалық саясаттың оң екендігінің айқын белгісі. Табыстарды еселеп, белестерді бағын­ды­рып отырған қазақ елінің Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп жатқанымды мақтан тұтамын. Біздің әскери бөлім сарбаздары Талдықорған гарнизоны құрамында елі­міз­де жыл сайын өтетін түрлі оқу-жаттығу ша­ра­ларына қатысып, үнемі алдыңғы орын­дардан көрінуде. Әскер қатарындағы қыз­­дар ерлерден қалыспай, ауыр, жеңіл деп таңдамай, жұмысты сапалы әрі тия­нақты атқарады. Алайда өз басым қыз­дар­дың әскер саласында өздерінің табиғатына жақын жұмыстарды атқарғанын қалар едім. Қару-жарақ көтеру, ауыр техниканы бағындыру, жаттығу алаңдарында атыс-шабысқа қатысу ерлерге ғана лайық сияқ­ты. Кәсіби мереке бізге де ортақ бол­ға­ны­мен, бөлім қыздары жиналып, ерлерді құрметтейміз. Арнайы дастарқан жайып, концерттік бағдарлама да дайындаймыз. Бұл – қалыптасқан дағды. Мен барша әс­ке­рилерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мықты денсаулық, еңбектеріне табыс тілеймін. Еліміз өркендеп, мықты мемлекеттердің көшін бастасын!

«Әскер әлсіздердің орны емес!»
Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімнің байланысшысы Татьяна Лазерева – өмі­рінің 19 жылын Қарулы Күштерге арнаған адам. Жасы 50-ді маңайлап қалса да сымға тартқандай сұңғақ әйел оған бір сәт те өкініп көрмегенін айтады.
Татьяна Анатольевна 80-жыл­дары жұбайы­ның қызмет бабымен Қиыр Шығыс­тағы әскери гарнизондардың біріне аттанады. Қазіргі кәсібі байланысшылықтың қыр-сырына да сол жерде қаныққан. Әріп­тестері «өз ісіне берілген адам» деп баға­лайтын байланысшының жұртқа жұмысы туралы айтқысы жоқ. Болмайды! Тәртіп солай. Өйткені Татьяна Лазерева – №6655 әскери бөлімдегі арнайы байланыс бөлім­шесінің қызметкері. Құпия мәліметтермен жұмыс жасайтын маманның кабинетіне санау­лы адам ғана кіре алады. Өзгелер үшін есігі үнемі жабық.
Қызметінің құпиялығына қарамастан, Татьяна Лазерева жүзі жайдары, мінезі ашық адам екен. Табандылығы да бай­қа­лады. Тәжірибелі байланысшыны әріп­тес­тері өзара «біздің бас бағбан» деп те атайды. Әскери бөлімнің аумағында жайқалып өсіп тұрған бозқараған (сирень) мен өзге де гүлдер Татьяна Анатольевнаның қамқорлығында.
Татьяна Лазерева, Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімнің байланысшысы:
– Ақтөбеде сәуір айында күн қатты ысып кетті. Сондықтан болса керек, коман­дир­іміз «өзімізге тиесілі территорияны тез арада көгалдандыру керек» деп бұйырды. Мен Ақтөбеде туып-өскен адаммын. Жер­гілікті климатты жақсы білемін. Мамыр айын­да күннің күрт суытатыны бар. Бірақ бұй­­рықтың аты – бұйрық. Талқыланбауы тиіс. Бұл қиындықтан мен «өгізді де өлтір­мей, арбаны да сындырмай» шықтым. Өйт­­кені әйелмін. Ол аз десеңіз, әскери адам­­мын. Ал әскер әлсіздердің орны емес.

Әскерді өмірінің мәні деп санағанымен, екі баланың анасы, төрт жасар ұлдың әжесі Татьяна Анатольевнаның «әйел ең алдымен – ана» деген ұстанымы бар. Қарулы Күштер қатарына енді ғана қабылданған жас сар­баз­дардың жүзінен мейірім төгіліп тұратын байланысшыға үйірсектігі де содан болса керек.
Әдетте №6655 әскери бөлімдегі тәжі­р­ибелі офицерлердің жетекшілігіне үш-төрт сарбаздан тапсырылады. Куратор, яғни, жетекші алғашқы алты айда сар­баз­дармен күнбе-күн араласып, моральдық қолдау жасауға міндетті. «Мен кез келген сарбазбен әңгімемді «балам» деп бас­тай­мын. Бәрінің де анасы бар. Үйден жырақ жүргендіктен сағынады. Кейде жабырқап отырған сәттерінде жылы сөйлесем, жан­дары жадырап сала береді. Сондай күндері үйге қуанып қайтамын», – дейді Татьяна Лазерева. Оның айтуынша, әйелдер тір­лік­тің басқа да салалары сияқты, әскерге де ауадай қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста