Халің қалай, ЦСКА?

07 мамыр 2011, 12:00

7 мамыр күнгі Отан қорғаушылар мерекесіне орай Әскери орталық спорт клубы туралы мақала жазу көптен бері ойымызда болған. Оған себеп те аз емес еді. Мақаламызға себепкер болған басты себептердің бірі – осыдан бірнеше жыл бұрын таралған сыбыстың әлі күнге дейін басылмауы. Яғни Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы оқу-жаттығу орталығының Астанаға көшіріліп, оның орнына зәулім ғимарат салынуы мүмкін деген сыбыс. Мұның шындыққа қаншалықты жанасымды екенін білу ниетімен ЦСКА-ның Алматы қаласындағы спорттық базасына барған едік. Нәтижесінде бізді, спортсүйер қауымды, жалпы оқырмандарды қызықтырған басқа да сұрақтарға жауап алып қайттық.
Әлқиссамызда айта кетейік, ЦСКА-ның бас­шылығы, негізгі штабы елор­да­мыз Ас­танада орналасқан. Оның үш жат­тығу ор­талығы бар. Бірі – Щучинск қа­ласында, екін­­шісі – Алматыда, үшін­шісі Алматы об­лы­сына қарасты Пан­фи­ловка елді ме­кенінде орын тепкен. Де­генмен бұған дейін ЦСКА-ның оқу-жат­тығу орталықтары Семей мен Қа­ра­­ған­ды қаласында да болған екен. Бір­­ақ бел­гілі жағдайларға байланысты жа­­бы­лып қал­ған. Мұның себебін сұра­ға­нымызда ҚР Қор­ға­ныс мини­стрлігі ЦСКА басшысы-Спорт ко­митеті төра­ға­сының орынбасары, пол­ков­ник Бек­бо­лат Иханбаев былай деп жауап бер­ді:
«Әрқандай сұрыптаулар жүргізіл­ген­нен кейін ғана шешім шығарылды. Се­бебін айтар болсақ, ол жердегі спорт түрлерінің Қарулы Күштерге еш қа­жеті болмады. Мысалы, гимнас­тика­ның Қарулы Күштерге қаты­сы жоқ. Ол жеке үйірме ретінде Алма­ты­да істеп тұр. Гимнастикаға қатысамын деу­ші жас­өспірімдерге Алматыдағы фи­лиал­­дың есігі әрдайым ашық. Бірақ ко­ман­да ретінде спорттың бұл түрі ЦСКА-ға ке­рек емес. Сондай-ақ ЦСКА-да гольф спор­ты да болатын. Бір­ақ өздеріңіз ойла­ңыз­даршы, гольф­тың әскерге не қажеті, не қа­тысы бар? Бұ­дан басқа бұрынырақта бізде спорт­­тың 40-тан астам түрі болатын. Бір­ақ бүгінде Қарулы Күштерге қажетті де­ген 17 түрін ғана қалдырып отыр­мыз. Жат­тықтырушылардың 90 пайы­зын алып қал­дық. Ал кетемін дегендерін ұста­май­мыз».
– Негізі, Олимпиада ойындары сияқ­ты төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода Қарулы Күштер арасында да ұйымдастырылып тұрады. Биыл сол ойындардың кезегі келіп қалды. 2007 жылы Үндістан қабылдаған. Енді биыл шілде айында Бразилияда ұйымдас­ты­рылады, – деп әңгімені спорттық жүріс­тен қатарынан үш Олимпиадаға қа­тысқан, бүгінде ЦСКА-да Штаттық ко­ман­далар дайындығы бөлімі аға офи­церінің уақытша қызметін атқа­ру­шы Сергей Корепанов жалғастырды. «Мұндағы айтпағым, ЦСКА-да сақ­тал­ған спорттың 17 түрі сол Қарулы Күш­тер арасындағы ойындардың бағ­дар­ламасына кіреді. Алматыдағы оқу-жаттығу орта­лы­ғында 12 спорт түрі, яғ­ни футбол, волей­бол, баскетбол, бокс, еркін күрес, дзюдо, жү­зу, жеңіл атлетика, спорттық бағдарлау, таэ­квондо, қоян-қолтық ұрыс және клас­си­калық күрес бар. Щучинскідегі фи­лиа­лы­мызда бес спорт түрін, яғни шаң­ғы жа­ры­сынан, биатлон, триатлон, қа­зіргі заманғы бес­сайыс және әскери көп­сайысты дамы­тып отырмыз. Ал Пан­филовкадағы оқу-жат­тығу орталы­ғын­да ЦСКА футбол клубы өз алаңын­дағы ойындарын қабылдайды», – деп өз ойын аяқтады Сергей Корепан­ов.
Жалпы, Сергей Арсентьевтің сөзіне сен­­сек, бүгінде ЦСКА-ның намысын 120-ға жуық спортшы қорғайды екен. Олар­дың ара­сында Азия жеңім­паз­дары, әлем чем­пион­дары, Олимпиада жүлдегерлері де бар. Алысқа бармай-ақ қоялық, өткен жыл­ғы Гуанчжоу жаз­ғы Азиадасында ҚР Қа­рулы Күштерінің спорт­шылары алты ал­тын, 12 күміс, 11 қола, яғни барлығы 29 ме­даль иелен­се, елімізде өткен VII қысқы Азия ойындарына ЦСКА-ның 27 спорт­шы­сы қатысып, соның 22-сі жүлдеге ілігіпті. Со­нымен қатар бүгінде Әскери орта­лық спорт клубында 17 спорт түрі қалғанымен, биік жетістіктерге жеткен Мақ­сұт Жұмаев, Денис Урубко, Васи­лий Пивцов секілді альпинистерді өз құра­мында алып қалған. Ал коман­да­лық спорт түрлерінен футбол коман­да­сы, әйелдер арасындағы волейбол ко­мандасы және ерлер арасындағы бас­­кет­бол командасы бар.
 Сонымен, сіз бен бізді мазалаған «ЦС­КА-ның болашағы бар ма» деген сұраққа келер болсақ, оған полковник Бекболат Иханбаев былай деп жауап берді:
– Өткенде қорғаныс министрі Ас­танаға барлық басшыны шақырып алып, ЦСКА-ның қалатыны туралы, жұ­мысын әрі қарай жалғастыратыны жө­нінде қадап айтты. Сөйтіп, күрделі жұ­мыстарға кететін шы­ғын­дар есеп­телді. Нәтижесінде қар­жы бөлініп, ЦСКА Алматыда қалатын бо­лып шешіл­ді. Тағы бір айтарым, бүгінде біз әр­түрлі спорттық федерациялармен бір­ле­се жұмыс істеудеміз. Мәселен, Теннис фе­де­рациясы бізге төрт теннис кортын салып жа­тыр. Сон­дай-ақ Әс­кери спорттық клуб фе­дерациясы бізге же­ңіл атлетика манежін са­лып беріп жа­­тыр. Сондықтан ЦСКА Ал­ма­тыда мәң­гі қа­лады деп айтуға толық не­гіз бар.