Дәрігер кеңесі

Архивтегі фото "Спутник Лайт" және AstraZeneca вакциналарының қосындысы антиденелерді 4 есе арттырады

  • Архивтегі фото

    Архивтегі фото "Спутник Лайт" және AstraZeneca вакциналарының қосындысы антиденелерді 4 есе арттырады

Әзербайжанда жүргізілген зерттеу барысында сынаққа қатысқандардың 85 процентінде осындай нәтиже байқалды. AstraZeneca мен "Спутник лайт" коронавирусқа қарсы вакциналарының қосындысы Әзербайжанда бірлескен зерттеу аясында S ақуызына антиденелердің жоғары өсімі бар екенін көрсетті, деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры.

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры "АстраЗенека" және "Р-Фарм" компаниялары "АстраЗенека" компаниясының вакцинасын (Оксфорд университетімен бірлесіп әзірленген) және "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін біріктіріп қолданудың вирусты бейтараптандыру белсенділігі жөніндегі алдын ала деректерді жариялады. Зерттеу Әзербайжан Республикасында өткізілді ", - делінген хабарламада.

"Аралық талдау нәтижесі бойынша еріктілердің 85%-інде бақылаудың 57- күнінде SARS-CoV-2 вирусының S ақуызына бейтараптандыратын антиденелердің төрт есе және одан да жоғары өскені байқалады", - деп толықтырды қор.
Деректер біріктірілген вакцинаның екі компонентін алған 20 адамға жасалған зерттеу нәтижесіне негізделген. Бірінші компонент ретінде AstraZeneca вакцинасы қолданылды, екіншісі – "Спутник Лайт". Дозалар арасындағы интервал 29 күнді құрады.

Әзербайжанда зерттеулер 2021 жылдың ақпанында басталды. Зерттеуге 100 ерікті қатысты.

Әзербайжанмен қатар вакциналар комбинациясын клиникалық зерттеу Біріккен Араб Әмірліктері мен Ресейде жаһандық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Беларусьта зерттеу жүргізуге реттеушілердің рұқсаты алынды.

Алғаш рет "Спутник V" коронавирусына қарсы вакцина негізінде гетерогенді күшейту әдісі қолданылды. Ресейдің тікелей инвестициялар қоры әлемде бірінші болып "Спутник V" бірінші компонентінің шетелдік препараттармен үйлесімін бірлесіп зерттеу туралы бастама көтерді.

2020 жылдың желтоқсанында Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы, "Р-Фарм" компаниялар тобы және AstraZeneca компаниясы AstraZeneca вакцинасы мен "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті комбинациясының қауіпсіздігі мен иммуногенділігіне бірлескен клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.




Көрілген: 1464    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 00:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31