Дәрігер кеңесі

Азаматтың Ashyq жүйесінде "қызыл" статусы өзгермесе, кімге жүгінуі керек

  • Азаматтың Ashyq жүйесінде

    Азаматтың Ashyq жүйесінде "қызыл" статусы өзгермесе, кімге жүгінуі керек

Егер коронавирустан толық жазылған азаматтың, Ashyq жүйесінде “қызыл” статусы өзгермесе не істеу керек? Бұл сұраққа ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ПТР нәтижесі кейбір зертханаларда түскен сынама санына байланысты 6 сағаттан 1 тәулікке дейін жасалуы мүмкін. Әрине, сол уақыттың ішінде зерттеудің нәтижесі шыққан кезде біріктірілген ақпараттық жүйеге жіберіліп отырады. Осы жүйедегі ақпарат арқылы Ashyq жүйесі байланыстырылғанын білеміз. Бұл процесс науқастың ЖСН-і дұрыс терілмеуі сияқты қателіктерге байланысты кей жағдайда кешіктірілуі мүмкін. Бірақ зертханаға сынама тапсырылған кезде ЖСН беріледі. Ондай сұрақтар болмауы тиіс. Егер болса, біз жеке бақылауға алып, оның нәтижесін тікелей бере аламыз", – дейді министрлік өкілі.

 
Бұған қоса, ол мұндай қателіктердің себебін түсіндірді. 

"Дегенмен біз сол министрлікпен бірге өз мамандарымызды дайындап жатырмыз. Бүгін мен ұйымдастырушылар арқылы өзімнің телефон нөмірімді берейін. Сол арқылы өзіме тікелей байланыса алады. Біздің құзырымызда дайындалған 2 маман бар. Осындай сұрақтар болған жағдайда әрбір өңірге, әрбір зертханаға шығып, тікелей көмектесуге мүмкіндігіміз бар. Мәселе жоқ демейміз. Шынымен ондай жағдайлар болуы мүмкін. Техникалық ақауларға, кейбір жерде интернеттің баяулығына байланысты осындай жағдайлар болуы мүмкін. Яғни, әр сұрақты жеке шешіп, көмектесіп жатырмыз", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жалған вакцинация паспортын алғандар қайтадан екпе салдыра ала ма деген сұраққа жауап берген еді. 

 




Көрілген: 1310    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 23:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 18:09
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30