Балаға қалай жеміс жеуді үйретуге болады?

Балаға қалай жеміс жеуді үйретуге болады?

Балаға тәтті-пәттінің орнына жеміс-жидек жегізген әлдеқайда пайдалы екенін ата-аналар жақсы біледі. Бірақ баласына жегізе алмай, алдап болсын, дәмін таттыра алмай әуре болады. Оның үстінде, дүкенде түрлі-түсті, дәмі мен иісі де еліртіп әкететін өңделген, калориясы жоғары тағамдар мен тәттілер толып тұр. Мұны көрген бала соны ғана жей бергісі келеді. Газдалған сусын мен шоколад-чипсыға дәметіп алады.

Содан балада семіздік, жүрек және қан, асқазан аурулары пайда болады. Иммунитеті нашарлайды. Мұның бәрін болдырмас үшін балаға жеміс-жидек жегізудің маңызы ерекше.

Жеміс-жидек те дүкенде тұрған тәттілер сияқты қызылды-жасылды, түрлі-түсті. Бірақ неге бала жеміске сонша үйір емес? Мұның кінәсі өзімізде жатса керек. Ендеше ол олқылықты жояйық.

Сонымен балаға қалай жеміс жеуді үйретеміз?

Бірінші кеңес: жеміс-жидекті өзіңіз жеңіз. Бала айтқанды емес, көргенді істейді. Жемістің қалай пайдалы екенін түсіндіріп жеміс жегіземін деген — бос сөз. Ең алдымен, өзіңіз жеңіз. Көбірек жеуге тырысыңыз. Бала ата-анасын пір тұтатындықтан, соның істегенін істейді.

Яғни, бір сөзбен айтқанда, жанұяның өзі пайдалы, сіңімді, таза ас ішуді әдетке айналдыруы керек.

Екінші кеңес: балаға ерте жастан жеміс жегізіп үйретіңіз. Қаншалықты ерте берсеңіз, соншалықты өзіңізге жақсы. Бала ерте жастан жемістің дәмін сезініп өссін .

Үшінші кеңес: баланы тамақ таңдауға, әсіресе, пайдалы асты таңдауға үйрету керек. «Бұл – баланың пайдалы тағамды жеуге үйретудің ең маңызды шарты» дейді ғалымдар. Баланы қалай тамақ таңдауға үйретеміз? Бірге дүкенге алып барып, бірге азық-түлік таңдап сатып алыңыздар. Балабақшада, мектепте ішетін асын да таңдатып көріңіз. Түсте, кешке не ішкісі, не жегісі келетінін сұраңыз. Осылай кете береді…

Төртінші кеңес: жемістің барынша көбірек түрін көрсетіп жегізіңіз. Әртүрлі жеміс жесе, соғұрлым жеміс-жидек жеуге деген әдеті қалыптаспақ.

Бесінші кеңес: тамақ жеуге не дайындауға келгенде барынша шығармашылық тұсыңызды қосыңыз. Баланың жеміс-жидек пен көкөніс жеуден ләззат алуы үшін көбірек шеберлікке, тапқырлыққа баруға тура келеді. Мәселен, жеміс-жидекті баланың көзінше немесе бірге «әдемілеп» турап, қант, йогурт, қаймақ-кілегейін қосып, араластырып алдына тосыңыз. Мұндай тағам кімнің болсын, тәбетін ашары анық. Бұлай істеп тіпті, балаға сәбіз бен бұрыш жеуді де үйретуге болады.

Жеміс-жидектен быламақ сияқты саусақты батырып, малып жейтін тамақтар жасауға болады. Мұндай тағамдар тәбетті ашады.

Алтыншы кеңес: баланы тамақ әзірлеуге қатыстырыңыз. Бұл да баланың сау тамаққа деген тәбетін арттырады.

Жетінші кеңес: біраз табандылық керек. Егер бала бірінші жолы бас тартып, жемей қойды ма, тоқтап қалмаңыз. Біраз уақыттан кейін қайта беріңіз. «Бір жемей қойған тамақты қайта-қайта ұсыну арқылы адамның тәбетін ашуға болатынын» зерттеулер дәлелдеген.

Ала бала біраз есейгеннен, ес білгеннен кейін жеміс-жидек пен көкөністің қандай пайдалы екенін түсіндіріп, баланың қабылдауын жақсартуға болады.

Материал профессор Алмаз Шарманның деректерінен аударылды

qadam.asia

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста