Баласының тілі кеш шыққанын байқаған ата-ана не істеуі керек – логопед кеңесі

Баласының тілі кеш шыққанын байқаған ата-ана не істеуі керек – логопед кеңесі

Бала тілінің дамуы – күрделі процесс. Қазіргі уақытта бүлдіршіндер тілінің кешеуілдеп шығуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Elorda.info тілшісіне 15 жылдық тәжірибесі бар логопед маман Бақытгүл Нәсірдинқызы «Балам сөйлемейді» деп бәйек қаққан ата-ана не істеуі керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Еңбектемей, жүріп кеткен баланың сөйлеу тілі тежеліп тұрады

 

Болашақ ана құрсақ көтергеннен бастап, өзінің денсаулығына мән беруі керек. Егер анасында қаназдық (анемия), қан қысымы жоғары, қалқанша без, инфекциялық аурулар болатын болса, жүктілік кезінде ол міндетті түрде балаға беріледі. Әрі балада оттегі жетіспеушілігі болады, салдарынан логопедия саласында дислалия болады, яғни дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Бұрынғы кезде сақаулар дейтін. Қазір сөйлемейтін бала жоқ, бірақ түрлі диагноздар көбейіп кетті. Ата-аналар сауатты, түрлі мамандарға жүгініп, балаларын тексертеді, қаратады. Р, ш дыбыстарын айта алмаса, реттейді. Қазіргі кезде аутизм, РАС, ЗПР, ЗРР сияқты аурулар көбейіп кетті. Бала кішкентайынан бастап жүріп-тұрып өсуі керек. Дұрыс жүріп-тұрмағандықтан, сенсорикасы дамымай қалды. Баланың сенсорикасы дұрыс дамымағандықтан, баланың ойлау жүйесі де дұрыс жетілмейді. Сенсорика дегеніміз – сырттан келген ақпаратты денемен сезу арқылы миға сигнал беру. Ал қазіргі кезеңдерде теріні сезіну, буын жүйелерінің дұрыс сезілмеуі, қимыл-қозғалыстың жеткілікті деңгейде жұмыс істемеуі балаға әсер етіп жатады. Соның салдарынан түрлі аурулар пайда болуда. Кез келген ауру анықталған жағдайда ата-ана уақытылы мамандармен жан-жақты жұмыс істейтін болса, кез келген баланы алып шығуға болады. Қазіргі кезде баланың миы толық дамитын болса, сөйлемейтін бала жоқ. Ойлау жүйесін толық қалыптастыратын болса, ол бала толыққанды сөйлей алады. Ата-ана уақытын өткізіп алмауы керек, - дейді Бақытгүл Нәсірдинқызы.

 

Оның айтуынша, бүлдіршін кішкентай кезінен бастап өзінің қажеттіліктерін дыбыстармен жеткізеді. Баланың жасы өсе келе, дыбыстан сөйлеу деңгейіне жетеді.

 

 

3 жасар бала 3000 сөзге дейін айтып, өз ойын еркін жеткізе алуы керек

 

1 жасқа дейін баланы бақылау қажет. Бала дұрыс еңбектеді ме, тік жүре алды ма, қай уақыттан бастап жүрді деген дүниелерге мән берген абзал. Еңбектемей, жүріп кеткен баланың өзінде де ертеңгі күні сөйлеу тілі тежеліп тұрады. Бұрын баланы логопед мамандарға 3 жастан бастап көрсететін. 1 жасар баланың өзі 10-15 сөз білуі керек. 3 жасар бала 300 сөзден 3000 сөзге дейін айтып, өз ойын еркін жеткізе алуы керек. Қазіргі таңда ең бастысы ата-ана 3 жасқа дейін күтіп отырмай, мамандармен жұмыс жүргізуі қажет. Алдымен невропатолог маманның тексерісінен жан-жақты өткеннен кейін ғана сол кісілердің ұйғарымымен педагогика саласының мамандарына жіберіледі. Әрі қарай ата-ана мен бала педагогика саласының мамандары – логопед, дефектолог, психологтармен жұмыс істейді. Сонымен қатар баланы машықтандыруымыз керек: АФК, сенсорика, яғни спорттық бейімдеу. Осының барлығы арқылы баланы жан-жақты дамытамыз. Баламның жасы – 10-да, сөйлемейді, ақыл есі тежелген деп те келіп жатады. Баланы 18-22 жасқа дейін дамытсаңыз да кеш емес, өйткені оның миындағы нейрондарының түзілісі жұмыс атқарады. Сол үшін жұмысты тоқтатпауымыз керек.

 

Ата-аналар 1 жастан бастап балаларын көрсетіп жатады. Баланың таным-түсінігінің қалыптасуы қиын. Сол себепті де 2-3 жасқа дейін балаға телефонды мүлдем беруге болмайды. 3 жасқа дейін баланың ойлау, сөйлеу қабілеті дамиды да, сол кезде мидағы нейрондарды өлтіріп тастайды. Осыдан барып баланың сөйлеуі тежеле бастайды. Баламен 3 жасқа дейін қарым-қатынас орнатып, жақын сөйлесіп, тілін таба білу керек. Осылайша, бала тілінің тежелуінің алдын алуымыз қажет, - дейді маман.

 

Баланы алдауға болмайды

 

Логопед телефонның орнын басқа қызықты дүниелермен алмастыру керек дейді. Мәселен, ойын ойнап, баланың көңілін аулау, ертегі оқу және т.б.

 

Гаджеттерді алмастыру қажет. Онымен түрлі қызықты ойындар ойнап, көңілін аулай аламыз. Егер бала гаджетке тесіліп қалатын болса, оның телефонын бірден алып қоюға болмайды. Себебі баланы психологиялық стресске түсіреміз. Ата-ана баланың жақсы көретін дүниесін біртіндеп беру арқылы алмастыруымыз керек. Кішкентай бала болса да, үлкендерше сөйлесіп, түсіндіруіміз керек. Баланы алдауға болмайды. Мәселен, сен маған телефонды берсең, екеуміз доп ойнаймыз деп баланың көңілін аулау керек. Үйде ата-ана бос болса, не істейді? Баламен қарым-қатынас жасамайды, тек телефонмен қарым-қатынас жасайды. Баланың айнасы – ата-ана. Ол әке-шешесінен көрегенін қайталайды. Сол үшін ата-ана өзін-өзі тәрбиелеп, өзі баланың көзінше телефон ұстамауы керек. Сонда ғана ол бала телефон сұрамайды, - деді Бақытгүл Нәсірдинқызы.

 

Оның айтуынша, бүгінде логопедке деген сұраныс жоғары. Кей қалаларда арнайы балабақша мен оған кезекке тұрғандардың саны көбейген.

 

Фастфуд балалардың ақыл-ойын тежеп жатыр

 

Логопед мамандардың көбейгеніне қайта қуануымыз керек. Сауатты логопед өте көп. Бұрын сондай мамандардың тапшылығынан аурулар көп болса, қазір ауыратын баланың саны азайған. Өйткені туғанынан 9-10 жасқа дейін баланың дамуы үшін ата-аналар сауатты мамандармен жұмыс істеуде. Бұрын маман іздеп, Ресейге жүгіретінбіз. Қазір Қазақстанда да өте көп, - дейді логопед.

 

Маман сондай-ақ анасы баланың қандай тамақ ішіп-жейтініне де аса назар аударуы керектігін айтты.

 

Бала тілінің кеш шығуына оның ішіп-жейтін тамақтары да әсер етеді. Тәттіні балаға мүлдем беруге болмайды. Ол жай ғана мидың жұмысын тежейді. Тек табиғи тәттілерді, жеміс-жидектерді беруге болады. Ұйқы режимін реттеу керек. Етті қайнатып, сорпасын ішкеннің пайдасы мол. Ата-аналарға да кеңес беремін. Үйіңізде екі күннің бірінде сүйек қайнатып беріп, баланы дұрыс тамақтануға үйретіңіз. Фастфудты рационнан мүлдем алып тастаған дұрыс. Фастфудты жеудің өзі бала тілінің кеш шығып, ақыл-ойының тежелуіне әкеліп жатыр, - деп сөзін түйіндеді Бақытгүл Нәсірдинқызы.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста