Бас терісіне калай күтім жасау керек? Маман кеңесі

04 маусым 2022, 10:52

Америкалық трихолог Бриджет Хилл шашты жиі жумауға, сондай-ақ құрғақ сусабындар мен қайызғаққа қарсы құралдардан аулақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл кеңестер ең алдымен бас терісі құрғақ және шашы жиі қышыйтын адамдарға қатысты екенін атап өтті. 

Дәрігердің пікірінше, шашыңызды жуар алдында, мысалы, балшық пен сұлы негізіндегі жұмсақ препараттарды, сондай-ақ алоэ мен эвкалипт қосылған өнімдерді қолданған дұрыс.

Сарапшы жазда шашқа ерекше назар аудару керек деп есептейді. Бас терісін ультракүлгін сәулелерден қорғау үшін ол арнайы күннен қорғайтын өнімдерді қолдануды ұсынды. Сонымен қатар, трихолог құрамында сульфаттары бар сусабындармен басты жиі жуу жағымсыз салдарға әкелетінін атап өтті.