Дәрігер кеңесі

Белгілі маман коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай жасалатынын айтып берді

  • Белгілі маман коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай жасалатынын айтып берді

    Белгілі маман коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай жасалатынын айтып берді

Вакцина үшін химиялық өлтірілген не синтезделген вирустың ортақ ерекшелігі - олар әрі қарай көбейе алмайды.

Медицина саласының маманы Серік Мұратханұлы коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жалпы вакцина екі түрлі жолмен жасалады. 

«Вакцина екі түрлі жасалады. 
Бірінші - вирусты химиялық жолмен өлтіріп, оны белгілі сұйықтықта сақтап адамға егеді. Бір тамшы вакцинада мысалы миллион өлтірілген вирус болуы мүмкін. Алайда 100% өлген болуы мүмкін емес. Өлген вирус адам ағзасына кірген кезде адам денесі оған қарсы күрес жасап, ковид-19 ға қарсы антидене жасайды. 

Екіншісі - Жаңа нанотехнологиялық әдіспен вирусты синтездеп, вирустың ішін алып тастап, қабығын қалдырады да қабық ішіне залалсыз құрылыммен толтырады. 
Және осы синтезделген вирусты сұйықтықта сақтап адамға егеді. 
Адам ағзасындағы қорғанысқа жауапты клеткалар әлгі вирустың сыртқы қабығына қарап "ойбай, ковид-19 келді "деп оған қарсы күрес жасап, антидене түзеді. 
Міне екі түрлі вакцина осылай. 

Вакцина үшін химиялық өлтірілген не синтезделген вирустың ортақ ерекшелігі олар әрі қарай көбейе алмайды. Тізбекке түсе алмайды. Қазақша айтқан кезде "піштірілген" вирус. 
Ал адам жұқтыратын вирус ол көбейе алатын вирус, тізбекке түсетін. 
Сондықтан адам вакцина алған кезде оның ағызасына міндетті түрде вирус кіреді. 
Вакцина арқылы жұқтырса көбейе алмайтын,"піштірілген" вирус кіреді. Осы кезде де адам ағызасындағы қорғанысқа жауапты клеткалар күрес жасап,көбейе алмайтын "піштірілген" вирусқа қарсы антидене жасайды. Осы кезде адам температурасы көтерілуі мүмкін. Кәдімгі вирус жұқтырған сияқты ауыруы мүмкін. Өйткені антидене вирустың көбейе алмайтын,"піштірілген" вирус екенін білмейді. Соғыс аша береді. 
Ал вакцина алған адам кейін өзгелерден өлмеген, пішілмеген, көбейе алатын вирус жұқтырған кезде,
Әлгі алдында жасалған, көбейе алмайтын "піштірілген" вирусқа қарсы күрес кезінде қалыптасқан миллиардтаған әскер-вирусқа қарсы соғысқа шығып, қысқа мерзімде жауды жеңеді. 

Вакцина - жасанды жолмен адам ағзасында вирусқа қарсы "әскер" жасақтау. 

Сондықтан" вакцина алған кезде адам ауыра ма?" демеу керек. Ауырады, ауырған сияқты болады. Алайда көбейе алмайтын, "піштірілген" вирус болғандықтан әрі қарай асқынбай тұрып антидене жасалады», - дейді медицина саласының маманы Серік Мұратхан.

Сондай-ақ ол вакцинадан кейін вирус жұғудың да қалыпты жағдай екенін айтқан. 

«Вакцинадан кейін вирус жұқтыру қаупі бар ма?» деген сұрақ та ұят. 
Әрине, вакцина алған соң да вирусқа кездесесің, жұқтырасың. 
Алайда ол сенің ағызаңа кіре бастаған кезде сенің «антидене-әскерлерің» соғысқа дайын тұрады. 
Вирусты жане одан болатын зардаптарды оңай жеңесің. 
Міне вакцина деген осылай. 

Ал вакцина сақтау үшін дайындалған химиялық сұйықтықтар, технология жайлы әңгіме одан да күрделі. Оны қарапайым тілімен жеткізу қиын», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.




Көрілген: 3055    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 12:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31