Дәрігер бас ауруынан дәрісіз құтылудың жолдарын айтты

11 мамыр 2022, 10:24

Дәрігер-невропатолог Игорь Орлов бас ауруынан таблеткасыз құтылудың екі әдісін атады, - деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Маманның айтуынша, бастың жиі ауыру себебі - мидың қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауы. Дәрігерлер бұл адамдарға көбінесе қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындайды. Бас ауруды таблеткасыз қойдыру үшін құлақ қалқанына арнайы майларды жағып уқалау да ми қан айналымын жақсартады.

"Мысалы, камфора майын құлақ қалқанына бірнеше тамшы тамызу ми қан айналымын белсендіреді. Егер адамның басы ауырып, ауырсынудан құтылғысы келсе, онда бұл әдіс көмектеседі", - деді Орлов. 
 
Дәрігердің айтуынша, бас ауруынан құтылудың немесе оның қарқындылығын азайтудың тағы бір жолы - құлаққа массаж жасау.

"Құлақты уқалау да бас ауруын азайтады. Алақанмен құлақ қалқанын толығымен жауып, аздап басып, баяу массаж жасаңыз. Бұл қысымның жоғарылауын азайтып, бас ауруын басуға, ми қан айналымын жақсартуға және шуылдан арылуға өте пайдалы. Бірақ массаж кезінде ауырсыну болмауы керек", - деп ескертті дәрігер.

kaz.tengrinews.kz