Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дәрігер қан қысымын төмендететін өнім түрлерін атады

26 шілде 2022, 11:01

СМ-Клиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері және диетологы Елена Тихомирова қан қысымын құрамында каллийі көп тағамдардың түсіруге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша кез келген көкөністерде әсіресе қияр, ақжелкен, аскөк, салат жапырақтары, қырыққабаттарда каллийдің көп мөлшері болады.

Жидектер мен жемістер де калий көзі болып табылады. Құлпынай, шабдалы, алма, қауын, қарбыз қан қысымының төмендеуіне ықпал етеді.

"Жемістердің, әсіресе қарбыздың қабынуды басатын әсері күшті", - дейді дәрігер.

Ол көкөністердің барлығын тұз бен дәмдеуіштерді қоспай тұтынылатын болса, пайдалы болатынын атап өтті.
Диетолог сонымен қатар қысымды қалыпқа келтіру үшін су ішу режимін сақтау маңызды деп санайды.

"Қарапайым судың жақсы диуретикалық әсері бар. Суды көп ішу және диетада тұзды тағамды азайту, денеден артық сұйықтықты кетіруге, ісінуден арылуға көмектеседі. Демек, қысымның төмендеуіне әкеледі", - дейді дәрігер.

Дегенмен, диетолог бұл шаралардың қысымды айтарлықтай төмендетуі екіталай екенін ескертті. Ол егер адам гипертониядан зардап шегетін болса, арнайы дәрі-дәрмектерді тағайындайтын дәрігерге ғана емделуі керек екеніне сенімді.

Stan.kz