Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дәрігер кімге қарбыз жеуге болмайтынын айтты

16 шілде 2021, 16:09

Қарбыз құрамында дәрумендері көп, ағзадағы сұйықтық қорын толықтыра алатын пайдалы жеміс саналады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алайда өнімді тұтыну кезінде бірқатар мәселені назарға алған дұрыс. Бұл туралы "Доктор Питер" порталына берген сұхбатында Виноградов атындағы қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Ольга Шарапова айтып берді.

 
Қарбыз құрамында көп мөлшерде А, В6 мен С дәрумендері, сондай-ақ денсаулыққа оң ықпал ететін құнарлы зат – фитонутриенттер бар. Сонымен қатар күннің ыстық кезінде ағзадағы сұйықтық қорын тиімді толықтырып, дене температурасын реттеуге көмектеседі.

"Қарбыздың құрамы 90% судан тұратындықтан, ол шөлді жақсы қандырады. Сонымен қатар қарбыз аштық сезімін де баса алады. Қарбыз адамның қан тамырларына тиімді әсер етеді және қан қысымын төмендетеді. Ол ағзадағы пайдасыз қалдық заттарды жақсы шығарады", - деді Шарапова.

Қарбыз ағзаға магний, фосфор, кальций және натрий сынды дәрумендер жеткізеді және қарапайым суға қарағанда электролиттердің шығынын толтыруға көмектеседі.

Алайда бұл жеміс түрін жеуге тыйым салынған адамдар тобы бар.

"Біз, дәрігерлер, диарея, несеп-таз ауруы, атеросклероз және қуықасты безінің аденомасына шалдыққан адамдарға қарбызды аз мөлшерде жеуге кеңес береміз. Жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар науқастарға да қарбыз жемеген абзал", - деді дәрігер.

Сарапшылардың пікірінше, қарбызды 200-300 грамнан күннің бірінші бөлігінде жеген дұрыс. Сонымен қатар ас қорыту жүйесінде проблема туындамас үшін оны басқа аспен араластырмай жеу керек. Сол сияқты қарбызды тамыз айынан ерте жеу улану қаупін арттырады.

Stan.kz